Қазақстан Республикасындағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасының жобасын талқылау

14.09.2016 14:57 1714

 

2016 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасындағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау жөнінде қоғам шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, кинорежиссер
Тимур Бекмамбетов, мәдениет аймағының мамандары, өнер және кино саласы, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері,үкіметтік емес ұйымдар,ғылыми-шығармашылық зиялы қауымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл іс-шараны ұйымдастырушы және жобаның тұжырымдамасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты болып табылады.

Тұжырымдаманың қабылдануы кинемотаграфияның дамуына Қазақстан Республикасында 2050 жылға дейін қазақстандық кинематографияның бағытын жақсарту мақсатындағы маңызды қадам болып саналады.

Бұл қадам іс-шараның бағдарламасы және үйлестіру механизмімен,мемлекеттік мекеме және кинематография аумағындағы кинемотография ұйымдастырылуына қызмет етеді.

Дөңгелек стөл отырысанда Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мухамедиулы «еліміздің кинемотаграфиясы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асырылуына ықпал етуі тиіс және табыстарға қол жеткізу арқылы Қазақстан Республикасы әлемде дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатымыз болып табылады».

2050 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасының жобасын талқылау «Кино жайында» заңды әзірлеу және қабылдау,оны жүзеге асырудағы бастапқы кезеңдерді қамтиды.Сонымен қатар қазақстандық кинемотаграфия жағдайын жақсарту,киноиндустрия мәселелерін шешу,халықаралық мәдени аумақта ұлттық киноны насихаттау және тарату.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры
Андрей Хазбулатов жоба тұжырымдамасын нақтылай аша отырып,оны іске асыра отыра басым шараларды таңдап, «Казақфильм» студиясында негізін құра отыра,Госфильмафонд құрылуы және киноколлекцияның көшірмелерін міндетті түрде бекіту және тұжырымдаманы жобалау аясындағы қорытындыланған және енгізілген арнайы экономикалық аймақтарды құру туралы мәселені зерделеу қажет екендігін айтты.

Тимур Бекмамбетов, кинорежиссер, дамудың тұжырымдамасы қазақстан кинемотаграфиясындағы қазіргі таңдағы мәселелерді анығырақ,ашып көрсетеді деп айта кетті. «Шет елдегі мемлекеттермен салыстырғанда ұлттық киноның прокаттағы үлесі өте төмен. Бұл мәселені шешу үшін киножеліні кеңейте отырып,мүмкіндігінше кинотеатрларға абонементтер кіргізу қажет».

Игорь Цай, режиссер, «Bazelevs» компаниясының өкілі, институтты продюсерлеу қажет екендігін және қазақстан кинемотаграфиясының дамуына өзіндік үлесін қоса кететіндігін айтты.

Гийом Касперски, Франция мемлекетінің ынтымақтастық және мәдениет сұрақтары жөніндегі кеңесшісі Қазақстан кинемотаграфия жобасының дамуына қызығушылық білдіре отырып, франция кинемотографының сарапшылары өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін айта отырып, берілген жобаға ат салысып, әрі қарай жұмыс жасайтындарын айта кетті.

Ахат Ибраев, кинематографисттер Одағының төрағасы, «сарапшылар тобы жоба тұжырымдамасының барлық ережелерін көрсете кетті. Бүгінгі таңда Тұжырымдама-кинематографияға қатысушы адамдарға бағдар көрсетуші және бұл бағдарламалық құжат болып табылады».

Мемлекетке кинематография дамуына қатысты Тұжырымдама және киноиндустрияның өзекті мәселелерін шешетін «Кино жайлы» заң қажет.

Арнайы экономикалық аймақтың құрылуы халықаралық кеңістікте ұлттық киноның біріктірілуіне алып келеді.

Қазақстан Республикасындағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасының жобасын талқылау қоғам арасында бір ауыздан келісімділікке алып келді. Ескере кетсек,қоғамдық тыңдалымдар Алматы және Мәскеу қалаларында өткізілген болатын.