«Жұлдыздар тоғысында» Қытайда

24.09.2016 11:32 1890

 

Шанси аймағының Сиань қаласында «Ұлы Жібек Жолы» кинофестивалі аяқталды.Кинофестивальдің аяқталуына орай қытай киножұлдыздары,оның қатарында әйгілі актер Джеки Чан және де басқа да атақты актерлер, режиссерлер, сценаристтер және де сыншылар қатысты.

Ұлы Жібек Жолы Фестивалінің ресми сайтында «Жұлдыздар тоғысында» атты фильм жайында ақпарат шығып, фильмде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайында "Елбасы Жолы" киноэпопеясының  бесінші бөлімі сипатталған.

«Бүгін Ұлы Жібек Жолының Үшінші Халықаралық кинофестивалі сағат 14.00 де «JACKIE CHAN CINEMA» кинотеатрінде режиссер Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда» атты қазақстандық фильмінің ашылуы өтті.

Қазақстан және Қытай елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас ұзақ мерзімде, яғни жиырма бес жыл бойы жан-жақты стратегиялық әріптестікті және достығын сипаттап келеді.

Одан әрі екі елдің қарым-қатынастарын қолдау және нығайту мақсатында, екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша Қазақстан елінің фильмі Қытай мемлкетінің Сиань қаласының фестивалінде көрсетілді.Онда Ұлы Жібек Жолы елдері арасындағы мәдени алмасу аймақтары дәстүрлі алаңға айналған.

«Жұлдыздар тоғысында» фильмі «Елбасы Жолы» киноэпепеясының бесінші бөліміне сүйене отырылып, режиссер Сергей Снежкин қазақ халқының Кеңес Одағы 1980-жылдары кезеңіндегі, яғни қиын-қыстау кезеңінен Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі уақыты және де Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болу кезеңі баяндалады.Режиссер Сергей Снежкин «Қырмызы гүлдері» және «Ернеуліктің артынан мені жерлеңіздер» атты атақты фильмдерімен халыққа танымал.

«Жұлдыздар тоғысында» фильмі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағылшын тілшісі Хью Фрейзермен сұхбат түрінде ұсынылған.Сұхбатта Презиенттің өмірі, тағдыры және де тәуелсіз елге қиындық жолы арқылы жеткені жайлы әңгімеленеді.Елбасы жазушыға жергілікті әдет-ғұрыптарымен таныстыра отырып, өзінің өмірінің қиын-қыстау кезеңі жайлы,яғни 1984 жылы Министрлер Кеңесінің Төрағасынан 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болуы аралығын әңгімелейді».

Бұл көрсетілім Қазақстанға Фестиваль қатысушысы және сыйлы қонағы ретінде, басқа елдер қатарынан ұйымдастыру комитеті ұсынған болатын.

Көрсетілімде Қазақстан, Ресей, Италия, Қырғызстан, Өзбекстан және де басқа елдердің өкілдері қатысты.

Ескере кетсек, «Жұлдыздар тоғысында» фильмі Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Минстрлігінің тапсырысы бойынша 2015 жылы түсірілген болатын. Аталған фильм Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының телеарналарында, сонымен қатар Мәскеу қаласында ұсынылған болатын.