Құрметті әріптестер!
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Сіздерді «Дәуір диаграммасындағы қазақ мәдениетінің анималистикалық коды» атты жинақтың жариялануының қатысуына шақырады.
Жарияланатын мәліметті 2016 жылдың 25 қазан айынан кешіктірмей электронды түрде келесі поштаға жібере аласыздарkaz.madeniet@gmail.com.
Белгіленген мерзімнен кейінгі жіберілген мақалалар қарастырылмайды.
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Мақала келесі құрылымдардан тұруы қажет:
Талап етілетін мақаланың көлемі 5000 сөзден кем болмауы қажет (15 бет). Терім мәтіндік Word редаторымен, Times New Roman қаріпімен, қаріп көлемі № 14 болуы қажет. Беттің параметрі: жоғарғы - 2 см, төменгі - 2 см, сол жағы 2 см, оң жағы - 2 см. Жол аралығы – дара.
Мақала автордың аты-жөнінің көрсетілімінен басталуы қажет, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі, мақала атауы, ал соңы–екі тілде көрсетілген түйіндемемен аяқталуы қажет (егер де мақала қазақ тілінде жазылған болса, онда түйіндеме орыс және ағылшын тілінде болуы қажет, ал егер де мақала орыс тілінде болса, онда–қазақ және ағылшын тіліндежәне т.б). Мәтін терілімнен соң автордың өзімен мұқият тексерілген және түзетілген болуы қажет.
Әдебиеттер тізімінің сілтемелері міндетті түрде болуы қажет. Әдебиеттер тізімі академиялық талаптарға сай ГОСТ 7.1-2003 әзірленеді.
Дереккөздер жайлы мәліметтерді мәтіндегі дерек көздердің сіллтемелеріндегі тәртіп бойынша орналастыру қажет, нүктесіз араб сандарымен нөмірлеп және азат жол шегінісінен бастап теру қажет.
Қолданылған дерек көздердің сілтемелерін төрт бұрышты жақшамен орындау қажет.Библиографиялық жазба түпнұсқаның тілінде орындалады.
Мақаланың соңында автордыңұялы телефон нөмірі және электрондық мекенжайы көрсетілуі қажет.
Редакция жинақтың жалпы бағыттарына жауап бермейтін мақалаларды қабылдамауға құқықты.
Мақалалардың талаптарына сай келмейтін түпнұсқалар қабылданбайды. Қолжазбалар рецензияланбайды және авторларға қайтарылмайды.