«Kazakh TV» телеарнасыда режиссер Бақыт Қайырбековтің «Мәңгілік Аспан астында» атты ғылыми танымдық фильмінің қазақ тіліндегі көрсетілімі басталады.

25.10.2016 17:02 1614

 

 

«Kazakh TV»  телеарнасында  режиссер Бақыт Қайырбековтің «Мәңгілік Аспан астында» атты ғылыми танымдық деректі фильмінің  қазақ тіліндегікөрсетілімі басталады.

Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының тапсырысы бойынша «Мерген» студиясы түсірген. Бұл бірегей жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арнайы даярланды.

«Деректі фильмде көшпенділердің жалпы дүниетанымы, шаруашылығы, өмірге деген көзқарасы және ең негізгісі, ел басқару мәдениетінің адамзат тарихындағы орынына маңыз берген. Қазақ халқының өміртанымы мен жыл бас Наурызды қарсы алудағы салт-дәстүрі, таным-түсінігі жөніндегі ғылыми пікірлер фильм тілімен жандана түскен. «Аспанның мәңгілік назарында» елдің басты тарихи оқиғалары – Ұлы Жібек жолы, Керей мен Жәнібек хандардың 1465 жылдан бастап билік құрған, яғни Қазақ хандығының негізі қаланған кезең, моңғол шапқыншылығы мен әлемдік геосаяси тұрғыдағы қайта бөлісу, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, ұлттық бірліктің жаңа символына айналған – елорда Астана және заманауи мемлекеттің негізін қалауға баға жетпес үлес қосқан – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи тұлғасы айқындалған.

  Фильмнің әр сериалы өз алдына туынды болып табылады, онда көшпелі халықтардың ежелгі заманнан бергі дүниетанымы жайлы, әлемдік өркениет пен «мәдениеттер байланысы» жетістіктер мен жаңалықтар, жабайы жылқыны қолға үйрету мен алғашқы металлургиялық пештердің пайда болуы, үзеңгі мен оттың және өзге де әлемдік өркениеттің құндылығы болып табылатын ноу-хауларды аша түседі», - деп фильмнің режжисері Бахыт Қайырбеков айта кетті.

«Сериал тек тарихи емес, сонымен бірге қазақ халқының ұлы мұрасы саналатын мифологияға, фольклор мен этнографияға негізделген философиялық, дүниетанымдық болып есептеледі.

Бұрын бұл сериал Дүниежүзілік 1 арна ресей телеарнасының "Время" және «Қазақстан» ұлттық телеарнасында қазақ тілінде көрсетілген болатын. 2015 жылы фильм The World of Knowledge («Білім әлемі») кинофестивалінде үздік сценарий үшін марапатты жеңіп алды және АҚШ-та Джордж Университеті (Вашингтон) мен актер, продюсер және режисер Роберт де Нироның TribecaFilm киностудиясында (Нью-Йорк) алғаш рет көрсетілген еді.Сонымен қатар 2016 жылы «Инновациялық жоба» номинациясында Синьцзянда өткен Халықаралық кинофестивальде жоғары марапатқа ие болған», - деп фильмнің продюссері Андрей Хазбулатов айта кетті.

 

 

ҚазақстанРеспубликасыМәдениетжәне Спорт Министірлігі Қазақғылыми-зерттеумәдениет институтының баспасөз қызметі