«Дешті Қыпшақ. Құпия таңбалар» Ресей географиялық қоғамының арнайы жүлдесінің иегері атанды

08.11.2016 17:33 2294

 

Аталмыш жылдың 31 қазаны және 4 қарашасы аралығында Санкт-Петербург қаласында «Мир знаний» атты XI Халықаралық ғылыми-көпшілік және танытым фильмдер  кинофестивалі өтті. Фестиваль бағдарламасында  Ресей, Қазақстан, АҚШ, Франция, Израил және т.б. елдерден 27 ғылыми-көпшілік фильмдер ұсынылды

«Дешті Қыпшақ. Құпия таңбалар» атты ғылыми-көпшілік фильмі Владимир Владимирович Путин төрағасы болып табылатын, Ресей географиялық қоғамының арнайы жүлдесінің иегері атанды.

Екі сериялық деректі фильм Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Минисртірлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының көмегімен Шакена Айманов атындағы киностудияда түсірілген. сценария авторы және жоба режиссері — Бахыт Қаирбеков, және де тең режиссер– Алексей Каменский. «Дешті Қыпшақ. Құпия таңбалар» фильмінің түсірілімі Италия, Армения жәнеУкраинада өтті.

«Дешті Қыпшақ. Құпия таңбалар» қыпшақ жазбасының жазба ескерткіштері туралы баяндайды.

 ХI ғасырда қыпшақ тайпалары Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағын, сондай-ақ Еділ жағасын, Кавказ бен  Қара теңіз  аумағында  бірте-бірте орналаса бастады. Ежелгі орыс тайпалары арасында қыпшақтар половцы есімімен әйгілі болған.  Қыпшақ көшпенді тайпалары  XII ғасырда Еділді кешіп өтіп, батысқа бет алып,  өз ықпалын Днепрге дейін жеткізді. Сол уақыттан бастап, Ертістен бастап Днепрге дейін созылған алып жер батыс және шығыс тарихи деректерінде (ағылшын, француз, итальян, араб және парсы) Дешті Қыпшақ немесе Қыпшақ даласы атымен кездеседі.

Фильмнің бірінші бөлімі қыпшақтар мен армян халқының тығыз қарым-қатынасының тарихын баяндайды. Осы қарым-қатынас арасында  таңғаларлық феномен орын алған: армян-григориан дініндегілердің құдайын қыпшақ атауымен Тәңрі деп атаған, өз атауларын эрменипо деп белгілеген, қыпшақ тілін қолданған, және де өздерінен кейін 30 мыңға жуық теңерсіз, сол кезде Еуропада дәуірлеп жатқан, қыпшақ-құман-половец ауыз-екі және әсіресе әдеби тіліндегі жазба ескертіштері қалған.  

700 жыл бұрын, түркі тілдердің басым бөлігінің түбі болып табылатын қыпшақ тілінде Алтайдан бастап Дунайға дейін аумақта тұратындардың барлығы сөйлейтін болған.  Қыпшақ тілі Мысырда, біздің  тектес қыпшақтар билеген жерде де қолданыста болған. Қыпшақ тілін меңгермей, евразиялық алып кеністікте қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған еді. Басқаша айтқанда, қазір ағылшанғ француз, орыс және басқа да тілдердің атқарып отырған қызметін жасайтын еді.

Фильмнің екніші бөлімі ерекше қыпшақ туындысы «Codex Cumanicus»  (Кодекс Куманикус) кітабі туралы баяндайды. Бұл кітап Қайта өркендеу дәурірінің әйгілі ақыны Франческо Петрарканың тарапынан 1362 ж венециялық кітапханаға сыйға тартылып, қасиетті Петр Соборының кітапханасында сақталуда. «Кодекс Куманикус» ( лат. «Қыпшақ тілінің сөздігі») — XIV ғасыр басының құман тілінің (Ежелгі қыпшақ) әйгілі жазба дерегі болып табылады. Бұл кітаптағы бай деректер тіл мамандарымен қоса тарихшыларға да қызықты болады.

Қазақ ғылыми-мәдениет институтының бас ғылыми қызметкері Александр Гаркавец көп жылдар бойы «CodexCumanicus»-тың жалғыз сақталған экземплярдың аудармасымен айналысты.  Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық академикалық кітапханамен бірлесе отыра аталмыш артефакттың реставрациясы жасалған еді.

Бұл таңғажайып кітапта қыпшақ тіліндегі өлең сөздері бар,  әнұранның ноталары сақталған. Танымал қазақстандық композитор Ақтоты Раймқұлова сол ноталарды қазіргі, заманауи түрге аударып, әнұран әуенін жаңадан жасады.  «Дешті Қыпшақ. Құпия таңбалар» фильмінде аталмыш әнұран бізді ортағасырларға қайтаратын, ата-бабаларымыздың рухын жандандыратын хордың орындауында көрсетілген.  

Екі бөлімнен тұратын ғылыми-көпшілік фильмнің тұсау кесері 2015 жылы шілде айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрі Арыстан Мұхамедиұлының қатысуымен өткенін ескертіп өту керек.