ҚазҒЗМИ бас директоры Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі мен Юнифранс компаниясы вице-директорының ресми кездесуіне қатысты

23.11.2016 15:41 1575

Ағымдағы жылғы қарашада қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Юнифранс компаниясы вице-директоры  Жоэль Шапронның ресми кездесуіне қатысты. Кездесу барысында Қазақстан мен Францияның кинематография саласындағы ынтымақтастық мәселелері, 70-ші Кан халықаралық кинофестивалі аясында Қазақстанның бірінші ресми павильонын ашу талқыланды.

Арыстанбек Мұхмедиұлы өзінің құттықтау сөзінде француздық қонаққа Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен «Француздық кино сарапшылардың қазақстандық кинематографтың өзекті проблемаларына көзқарасы» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысқаны үшін алғыс айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстандағы кинематография туралы тұжырымдама жобасын әзірлеу бойынша  ауқымды жұмыс жүргізілді. Құжат фильм әзірлеуге қаражат бөлуден бастап, оның соңғы прокаты және сақталуына дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Осы маңызды құжатты әзірлеу кезінде біз Францияның ұлттық киноны дамыту саласындағы мол тәжірибесін мұқият зерделеп, өзімізге көптеген пайдалы және қажетті дүниелерді тапқанымызды айуымыз қажет», - деді министр.

Сонымен қатар ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығында қазақстандық кинематограф белгілі бір жетістікке жеткенін және бүгінгі таңда біздің ел әлемдік қоғамдастыққа қазақстандық киноиндустрияның бай шығармашылық әлеуетін көрсетуге даяр екендігін айтты.

«Келесі жылы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтетін Кан кинофестивалі әлемдегі ең беделді кино алаңдарының бірі болып табылдады. «Қазақфильм» студиясы және жекеменшік компаниялар Кан фестивалінің жұмысына талай рет қатысса да, еліміздің әлі күнге дейін өзінің ұлттық павильоны жоқ. Біз оны келесі жылы ашамыз деп үміттенеміз және осы маңызды мәселеде сіздердің көмектеріңізді күтеміз», - деп бөлісті өз пікірімен мәдениет және спорт министрлігінің басшысы.

Жоэль Шапрон өз кезегінде қазақстандық әріптестеріне құшақ жая қарсы алғандары үшін алғыс айта отырып, өзінің естуі бойынша таныс қазақстандық кинематографқа жан-жақты қолдау көрсетуге даяр екендігін мәлімдеді.

«Мен аз уақытқа келдім, бірақ көмектесе алатыныма шынымен қуаныштымын. Бүгін дөңгелек үстелде маған қазақстандлық студенттермен және кино саласындағы мамандармен тілдесуге тамаша мүмкіндік туды. Менің ойымша, кино туралы заң қабылдау– бұгіндері Қазақстанға кейінге қалдыруға болмайтын дұрыс қадам. Қазақстандық киноға бұл мәселеде асығу керек», - деді Ж. Шапрон.

«Қазақстандық кино осы кезеңде тұрғанда, әзірге бәрі құрылып бітпей тұрғанда, тапсырыс берушілер, құрушылар, кинопрокатшылар және өзге де мүдделі тұлғалармен қарым-қатынасты реттеп алу керек», - деп түсіндірді француздық сарапшы.

Ол Кан кинофестивалінде қазақстандық павильонның әлеуетті ашылуы мерейтой жылы тарихи оқиға болатынын айтты. «Павильонның ашылуы Қазақстанның кинематографиясы үшін аса маңызды ғана емес, сондай-ақ еліміздің беделі мен имиджі үшін де маңызды», - деп есептейді Жоэль Шапрон.

 

 

 

по материалам: mks.gov.kz