Астанада қазақстандық кинематографтың өзекті проблемалары талқыланды.

11.11.2016 18:22 1702

 

Ағымдағы жылғы 11 қарашада сағат 10.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде «Қазақстан Республикасында 2050 жылға дейінгі кинематографияның даму тұжырымдамасы» жобасын әзірлеу аясында «Француздық кино сарапшылардың қазақстандық кинематографтың өзекті проблемаларына көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға белгілі француздық кино сарапшы, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің кинематограф бойынша Юнифранс жетекші маманы Жоэль Шапрон, Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңесшісі Гийом Касперски, мәдениет және өнер саласындағы мамандар, кинорежиссерлар, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-шығармашылық интелегенция өкілдері, ҚазҰӨУ студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.  

Шараны Қазақстан Республикасыдағы Франция Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Жоэль Шапрон және Присилл Жессатидің «Француз киносын қаржыландырудың қағидалары және тетіктері» және «Француздық кинотеатр – ұзақтығы ғасырға созылатын аншлаг» атты кітаптары  таныстырылды. Басылымдарда ұлттық және әлеуметтік құбылыс ретінде француз киносының қалыптасу процесі,  киноны қаржыландыру жүйесі және Франциядағы кинофикацияның аспектілері жан-жақты ашып көрсетілген. Бұл кітаптар ТМД елдері кино өндірісі және прокаты саласындағы мамандарға арналған және көптеген елдердің киноиндустриясын дамытуда басты бағыт болып табылады.

Дөңгелек үстел отырысының ашылу аясында ҚазҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов «француздық кинематографтың тәжірибесі бүгінгі таңда көптеген елдер үшін үлгі және Қазақстан үшін кинематографияны дамыту тұжырымдамасы жобасын әзірлеуге байланысты үлкен қызығушылық туғызып отырғанын» атап айтты. Андрей Хазбулатов сонымен қатар тұжырымдама жобасын іске асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды -«Қазақфильм» студиясының базасында толық циклды кинофабриканы құру, Мемфильмқорын құру және фильмдердің көшірмесін міндетті тапсыру рәсімімен оған киноколлекцияларды бекіту, кинематография ұйымдары үшін Арнайы экономикалық аумақ құру мәселесін пысықтау және өткен талқылаулар қорытындысы бойынша тұжырымдама жобасына сарапталып енгізілген басқа да бастамаларды бөліп көрсете отырып, оның негізгі ережелерін егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңесшісі Гийом Касперски Қазақстан мен Франция арасындағы мәдениет саласындағы жемісті ынтымақтастық және ашық диалогқа алғыс білдіре келе,  Жоэль Шапронды кинематограф саласындағы өз тәжірибесімен және бақылаумен бөлісе алатын жетекші кино сарапшысы деп есептеуге болатынын атап айтты.

Өз баяндамасында француздфық кино сарапшы Жоэль Шапрон былай деді: «Францияның мәдениет министрлігі отандық киноны тіпті қаржыландырмайды. 1979 жылдан бері бірде-бір фильмге тыйым салынған жоқ, классификация бар. Біз мемлекеттік бюджетке параллель өмір сүреміз, ештеңеге тыйым салмаймыз және кинодағы әртүрлілік үшін күресеміз, сондай-ақ біз үшін әртүрлілік бар экспорт маңызды. Қазақстандық фильмдерді қолдау үшін отандық фильмдерді жиі және көбірек көрсететін кинотеатрларға көмектесу керек (салықтық босаңдық жасау). Көрермендерге қандай фильмдер түсіру және көрсету керектігін шенеуніктер емес, кәсіпқойлар, кинематографистер шешуі тиіс». Сонымен қатар ол голливуд фильмдерінің таралғандығы туралы пікірін білдірді.  

Еркін пікір алмасу аясында сындарлы диалог жүргізілді, туындаған барлық сауалдарға толық жауаптар берілді. Қатысушылар қазақстандық кинематографтың ары қарайғы дамуына қатысты талқыланған мәселелердің маңыздылығын және Қазақстан Республикасында кинематографияның даму тұжырымдамасын қабылдау қажеттілігін  атап айтты.