Астанада «Кинематография туралы» заңды қолдады

23.12.2016 11:53 1914


 

Ағымдағы жылғы 22 желтоқсанда 12.00-де Астанада Ұлттық академиялық кітапханада «Кинематография туралы» және «Кинематография мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобаларын  әзірлеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Заң жобаларын талқылауға мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, кинематографистер, мәдениет және өнер саласындағы мамандар, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ өкілдері  қатысты. Бейнеконференц-байланысқа шынайы уақыт режимінде Алматы қаласынан кинематографистер шықты.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова алғы сөзінде талқыланып жатқан заң жобаларын қабылдаудың маңыздылығын және қажеттілігін атап айтты. «Кино туралы» заңды қабылдау бастамасы талай рет көтерілді. 2014 жылы 2030 жылға дейінгі саланың даму басымдықтарын анықтайтын Мәдени саясат тұжырымдамасы бекітілген болатын.

Ағымдағы жылы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасындағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту  тұжырымдамасының жобасын құру және «Кинематография туралы» заң бойынша жұмыс жүргізу бастамасын көтерді. Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты шетелдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерделеу және Кинематографияның даму тұжырымдамасы және «Кино туралы» заңның жобаларын әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Бүгінгі таңда мемлекет кино саласының бәсекелестік артықшылықтарын арттыруға барлық жағдай жасауда. Осы кезеңде киноөндірістің сандық және сапалық көрсеткіштерін арттыру, сондай-ақ қазақстандық киноның халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ұмтылуды қажет ететін өр міндеттердің бірі. Кино саласын дамытудың барлық негізгі қадамдары 2050 жылға дейінгі кинематографияны дамыту тұжырымдамасы жобасында белгіленген.  Кеше мәдениет бойынша қоғамдық кеңестің отырысында заң жобалары бірауыздан мақұлданды».

ҚазҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов дөңгелек үстел қатысушыларына Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» заңы жобасының бейне таныстырылымын таныстырды. «Заң жобасында келесі нормалар мен талаптар бекітілген: Ұлттық киноны қолдау қорын және Сараптамалық кеңес құру, «Қазақфильмнен» Мемлекеттік фильмдер қорын дербес құрылым ретінде шығару, киноөндіріс және кинотоптаманың бастапқы материалдарын санға аудару,  фильмдер прокаты нәтижелерін есептеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін (БААЖ) құру, ұлттық фильмдерді халықаралық алға жылжытуды және прокаттауды  қолдауға, сондай-ақ кинотүзілімнің көпдеңгейлі жүйесін дамытуға және ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдау. Сондай-ақ, Кино туралы заңға ілеспе заң жобасында салық преференцияларын енгізу, «Қазақфильм»  аумағында арнайы экономикалық аймақ құру және оның қатысушыларына тіркеу талаптарын жеңілдету, телевидениеде ұлттық кино жарнамасына міндетті түрде уақыт бөлу бойынша нормалар және оны прокаттау тілі бекітілген, - деп атап айтты ҚазҒЗМИ бас директоры.

«Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Галенко елімізде кинотеатрлардың жетіспеушілігі туралы айтты: «Бізде түптеп келгенде, елімізде кинотеатрлар көптеп жетіспейді, көрермендерге орын жетіспейді. Орташа алғанда, барлығы  70 мың қазақстандық киноға кіреді. 200-250, 300 мың жинайтын, бірақ одан аспайтын фильмдер бар. Яғни, 17 миллион халық бар десек,  бізде киноға бару мәдениетінің өзі өте әлсіз дамыған. Тіпті бизнес Қазақстан қалаларында кинотеатрлар ашуға шығысты көтере алмайды. Сондықтан, қанша фильм жасасақ та, оларды қанша қаржыландырсақ та, контентті көрерменге жеткізе алмасақ, адамдар бұл фильмді ешқашан көре алмайды. Кинотеатрлардың барлық жиынтықтарының 85 пайызын тек екі қала – Астана және Алматы ғана жинайды. Мен бұған назар аударуды және қалай да бизнеске көмектесуді немесе бюджеттен қосымша қаражат бөлу арқылы жөнделген мәдениет үйлерінде жатқан құрал-жабдықтарды ауыстыруды сұраймын». Қорытынды сөзінде Вадим Голенко «қазақстандық кино аудиторияға қажеттілік түсінігінде коммерциялық табысты бола алады. Бұл оның өңірлердегі көрермендерге де қолжетімді болуымен байланысты» деді.

Еркін пікір алмасу аясында конструктивті диалог құрылды, туындаған барлық сауалдарға толық жауаптар қайтарылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар «Кинематография туралы» заң жобасын қолдады және заң жобалары бойынша ары қарайғы бірлескен жұмысқа даяр екендіктерін жеткізді.

 

Ақтоты Райымқұлова – мәдениет және спорт вице-министрі,

Үмітхан Мұналбаева – ҚР ұлттық академиялық кітапханасының директоры,

Андрей Хазбулатов – МСМ ҚазҒЗМИ бас директоры.

 

Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» заңы жобасын әзірлеу мәселелері бойынша  дөңгелек үстелге қатысушылар  

Біргебай Жүнісбеков –ҚазҰӨУ кино және ТВ кафедрасының меңгерушісі,

 Вадим Галенко – «Меломан» компаниясының бас директоры,

Роман Попов - «Cinemax» компаниясының заңгері.

 


Сламбек Тәуекел - кинорежиссер, продюсер,

ҚР кинематографистер одағының төрағасы,

Ахат Ибраев - кинорежиссер, продюсер,

ҚР кинематографистер одағының тең төрағасы  

Жанна Тілембаева –ҚР заңнама институты директорының орынбасары  


 

Азамат Бекперов – ҚР Әділет министрлігі заңнама департаменті директорының орынбасары,

Күміс Сейітова –МСМ мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары,

Жанар Досаева –  ҚазҒЗМИ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.




Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» заңының жобасын әзірлеу мәселелері бойынша дөңгелек үстелге Алматы қаласындағы қатысушылармен бейнеконференц-байланыс