Осы жылдың 31 қаңтарында сағат 15.00 Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында "Конституциялық реформа - Қазақстанның тұрақты дамуының негізі" атты дөңгелек үстел өтті.Тақырыпты талқылауға Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен Бейбітшілік және Келісім музейінің ұжымы, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым қатысты.
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов
ҚазҒЗМИ-ның бас директоры Андрей Хазбулатов мемлекеттік биліктің тарамдары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу сұрақтары бойынша қабылданып жатқан конституциялық шаралардың маңыздылығын айтып көрсетті. «Қазақстан Республикасының президенті, Ұлт көшбасшысы- Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформаны жалпыхалықтық талқылауға шығару туралы өкімге қол қойды. Осыған сәйкес талқылау 26 қаңтар мен 26 ақпан аралығында өтеді. Реформаның мәні: 40 жуық президенттік өкілеттік Үкімет пен Парламентке өтеді.Ол үшін сәйкес заңдар мен Конституцияға өзгерістер енгізілуі керек.Бұл өзгерістерді үкімет Парламент қабылдауына ағымдағы сессияның соңына дейін ұсынады.Президент құзыретінде стратегиялық міндеттер, билік тарамдары арасындағы жоғарғы төрешілік рөл, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік немесе елдің қорғаныс қабілеттілігі қалады.
Президент үкімет пен премьер-министр актілерінің жұмысын тоқтату не жою құқығынан бас тартуы мүмкін. Мемлекет басшысы заңды күші бар президенттік жарлықтарды шығармауы ықтимал.Үкімет президенттің алдында емес қайтадан сайланған мәжіліс алдында өкілеттілік шығарады.
Қоғамдық-экономикалық үрдістерді түгендеу бойынша өкілеттіліктің үлкен бөлігі Үкіметке тапсырылды.Бұл сала үшін министрлер кабинеті және әкімдік жауап береді.Сонымен қатар,мемлекеттік бағдарламаларды бекіту құқығын Үкімет өз жауапкершілігіне алады. Үкімет өз құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды өз бетімен ұйымдастырып жоя алады.Парламент,дәлірек айтқанда парламенттік сайлауда жеңіп алған партия Үкіметтің қалыптасуында шешуші рөл атқаратын болады.
Үкімет қайтадан сайланған мәжіліс алдында өкілеттілік шығарады. Парламент тарапынан үкіметтің өкілдеріне сенімсіздік білдіру реті жеңілдетіледі. Парламенттің жергілікті атқарушы билікке яғни әкімдікке қатынасын күшейту көзделеді. Ұсынылған шаралар Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орынын сақтауда және күшейтуде алға бағытталған жұмысқа анық бағдар беріп, нығайтатын күшке ие. Бұл кезеңде саяси жүйені демократияландырудың жаңа қадамдары баршамыздың талқылауға белсенді қатысуымызға байланысты.»
ҚазҒЗМИ-ның аға ғылыми қызметкері Түгелбай Бақбергенов конституциялық реформа бойынша қабылданған шаралар мемлекеттік биліктің тарамдары арасындағы міндеттерді бөліп қарастыруға септігін тигізетініне баса назар аударды. Үкімет пен Парламент қабылданған шешімдер үшін жауапты болады. Саяси институттың дамуы арқылы саяси мәдениетте дамиды,ол өз алдына мәдениет саласының барлық бағыттарына оң ықпалын тигізеді.
ҚазҒЗМИ-ның аға ғылыми қызметкері Түгелбай Бақбергенов
Евразиялық дизайнерлер бірлестігінің төрағасы Ермек Асылханов: «Біз мәдениет саласының қызметкерлері, ең алдымен қоғамның рухани даму қажеттілігін өтеуде Қазақстан Республикасының президенті- Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев енгізген жаңа ережелерді қолдаймыз. Қоғамдық - экономикалық сұрақтарға шешім қабылдаудың Үкіметке жүктелуі Министрлік пен Үкімет қызметкерлерінің мемлекеттік бағдарламалар үшін жауапкершілігін арттыра түседі.»
Евразиялық дизайнерлер бірлестігінің төрағасы Ермек Асылханов
ҚазҒЗМИ бас ғылыми қызметкері Галина Николаевна: «Конституциялық реформалар бағдарламасы - биліктің барлық тарамдары арасында,соның ішінде саясат пен мәдениет арасында тұрақты байланыс жасайтын дұрыс қабылданған демократиялық шешім.Біз азаматтық көзқарасымызды нығайтып, мәдениет пен саясатты бөліп қарастыруға келметінін есте сақтауымыз керек».
ҚазҒЗМИ бас ғылыми қызметкері Галина Николаевна
Енгізіліп жатқан реформаларды толық, жете талқылаудың қорытындысы бойынша қатысушылар «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы жолдауы – бәсекеге қабілетті ұлттың дамуы мен қалыптасуындағы мемлекеттік саясаттың қисынды байламы болатын дана шешім.Конституциялық реформалардың қабылдануы өмірдің барлық салаларына оң ықпалын тигізетін негізделген қажеттілік» - деп көрсетті.