Шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері Қазақстан халқына арналған Жолдауды талқылады

03.02.2017 18:00 1807

2017 жылдың 3 ақпанында сағат 15.00 Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында биылғы жылдың 31 қаңтарында жарияланған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан модернизациясының үшінші жолы: Жаһандық бәсекелестік атты Қазақстан халқына арналған Жолдауына сарапшылық талқылау өтті.

Талқылауға ҚазҒЗМИ-дың бас директоры Андрей Хазбулатов, ғылым бойынша ҚР Ұлттық мұражай директорының орынбасары Жәкен Таймағанбетов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ география кафедрасының профессоры,өлкетанушы Орденбек Мырзабаев,«Бәйтерек» тобының солисті Ерлан Малаев,Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ география кафедрасының профессоры,ҚР құрметті сәулетшісі,Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Гүлнара Өтешова, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, Халықаралық сәулет академиясының профессоры, «ҚР білім беру ісінің үздігі», ҚР құрметті сәулетшісі Салауат Дембай, ҚазҒЗМИ-дың бас ғылыми қызметкері Галина Поваляшко, аға ғылыми қызметкері Түгелбай Бекбергенов, сондай-ақ, ҚазҒЗМИ мен ҚР Ұлттық мұражайы және Бейбітшілік пен келісім мұражайы қызметкерлері қатысты.

ҚазҒЗМИ-дың бас директоры Андрей Хазбулатов: «2017 жылдың Жолдауы –елдің жаһандық бәсекелестігін күшейтудегі алдағы істердің,яғни әлем экономикасына бірігу,қазақстандық кәсіпкерлер қатарын бекемдеу, адами капиталдың сапасын үзбей көтеру арқылы жаңа мүмкіндіктер жасау және одан арғы ұлттың бірлігі мен ынтымағын нығайту алгоритмі.Шығармашыл және ғылыми зиялы қауым қоғамдық-экономикалық сала,сандық индустрия және туризм саласына аса қызығушылық танытты.Елбасы көрсеткендей Қазақстанда жоғарыда айтылған салаларды дамытудың болашағы зор.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей,туристік инфроқұрылым мен мәдениетті дамытуға жағдай жасайтын мемлекеттің белсенді саясаты екі салаға да елдің қоғамдық-экономикалық дамуында маңызды орын алуға мүмкіндік береді.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы бүкіл ел үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға.Азаматтардың, шығармашыл және ғылыми қауым қолдауымен,олардың жоғары азаматтық жауапкершілігі арқасында Елбасы қойған тапсырмалар сапалы және тиімді орындалады».

Ғылым бойынша ҚР Ұлттық мұражай директорының орынбасары Жәкен Таймағанбетов сөз сөйлегенде Жолдауда Қазақстанның ары қарай дамуының тапсырмалары айқын да, анық  көрсетілгенін атап айтты.Жолдауда дыбысталған барлық ақпарат әлемдік қауымдастықтың негізгі қарсылығына жауап береді және біздің ұлт жоспарымызға сай.

ҚазҒЗМИ-дың аға ғылыми қызметкері Түгелбай Бақбергенов: «Мәдени-туристік класстерді бір-бірімен тығыз байланыста дамыту ойға қонымды. Бірегей объектісі бар,көбі ЮНЕСКО тізіміне кіргентарихи-мәдени ландшафтарды белсенді дамыту келешегі бар бағыт болып табылады.Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты тереңдетіп,ортақ туристік бағдарларды жасап дамыту және белгілі бір мемлекет азаматтарына экскурсия мен мәдениет фестивалдерін өткізу қажет».

Талдаудың қорытындысы бойынша шығармашыл және ғылыми қауым ойы бір арнадан шықты.Елбасының  қоғамдық-экономикалық саладағы,туристік инфроқұрылым мен мәдениет,IT технологиялар, халықаралық мамандандырылған Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті өтуі сынды тапсырмалар модернизацияның келесі бағытындағы өзекті және орынды даму кілті болып табылады.