ҚазҒЗМИ бас директоры ҚР Мәдениет және спорт вице-министрінің Уффици галереясы директорымен ресми кездесуіне қатысты

07.03.2017 18:20 1948

2017 жылдың 3 наурызында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатов ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раймқұлованың Уффици галериясының директоры Айке Шмидтпен  ресми кездесуіне қатысты. Екі жақты кездесуге Италияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Стефано Раваньян, Уффици Галереясының гравюра және сурет кабинетінің меңгерушісі Марция Файетти және  Mondo Mostre халықаралық жобаларының жетекшісі Мария Аззурра Ла Роза қатысты.

 

 

Уффици көне галереясы ЭКСПО-2017 қонақтарына өзінің экспозициясын ұсынуға дайын. Әйгілі «ХХ ғасырдағы Флоренция сәні» көрмесін ұйымдастыру ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Уфицци (Италия) галереясы өткізетін  ортақ жобаларының бірі болып табылады. Галерея өкілдері ЭКСПО-2017 қазақстандық және халықаралық туристердің ерекшелігін ескеріп өз экспозициясын бейімдеп кеңейтпекші.

Астанада өтетін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Раймқұлова мен Италияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Стефано Раваньян мәдени жобаны ұйымдастыру мәселесін әлемге танымал италияндық Уфицци галереясымен талқылады. Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесі аясында әлемнің ең танымал музейлерінің бірі болып табылатын Уффицидің көрмесін ұйымдастыру халықаралық мамандандырылған көрменің мәдени бағдарламасын безендіре түсетініне сенімін білдірді.

«Классикалық мәдениет пен Жаңғыру кезеңінің, сондай-ақ әлемдік мәдениет тарихындағы көптеген көрнекті өкілдердің отаны болып табылатын Италиядан қонақты қарсы алу біз үшін үлкен абырой. Музей саласындағы көшбасшылардың бірі – Уффици галереясының түрлі ұсыныстарымен танысып, оларды талқылауға Қазақстанның дайын екенін білдіремін», - деді А.Райымқұлова.

Стефано Раваньян қазақстандық әріптестеріне қонақжайлығы мен Қазақстан мен Италияның екіжақты мәдени ынтымақтастығын нығайту мен кеңейтуге бағытталған ұдайы ұмтылысы үшін алғысын білдірді.

«Астанада ең жас, алайда бүгінгі таңның өзінде-ақ ең табысты музейлердің бірі орналасқан. Болашақта ол әлемге танымал өнер орталығына айналатынына сенімдімін. Қазақстанның Ұлттық музейінің Уффици галереясы секілді музей ісі «ақсақалдарымен» тығыз байланысы бізге екі жақты пайда алып келеді деген сенімдемін. Өз жағымыздан сізге бұл істе кез келген қолдау көрсетуге дайын екендігімізді сендіремін», - деді Елші.

Уффици галереясының директоры Айке Шмидт музей ісі саласындағы қазақстан-италияндық ынтымақтастықты нығайту туралы өз ұсыныстарымен бөлісті. Көне итальяндық музейдің жетекшісі айтып кеткендей, екі мемлекеттің кәсіби саладағы өзара байланысы екі мәдени бағытқа негізделуі мүмкін. Олардың қатарында – көрмелер ұйымдастыру және ақпарат, білім алмасу мен мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бар.

«Біз үшін зерттеу қызметі және білім бастапқы орында тұр.Соның ішінде Қазақстанда, біздің галереяда студенттерге арналған жазғы мектеп пен ғылыми-зерттеу қызметін іске асыратын  білім департаменті құрылған»- деп,А.Шмидт айтты.

Әңгіме барысында айтып өткендей, галереяның Қазақстандағы бірлескен жобаларының алғашқысының бірі Флоренцияда өтіп,үлкен табыспен аяқталған  «ХХ ғасырдағы Флоренция сәні» көрмесін ұйымдастыру жоспарланған.Галерея өкілдері ЭКСПО-2017 қазақстандық және халықаралық туристердің ерекшелігін ескеріп өз экспозициясын бейімдеп кеңейтпекші.

Кездесудің соңында,тараптар әлемдік мұражай ісі мен тәжірибе алмасуда Италияның әйгілі галереясы және  қазақстандық мәдени мекемелер арасында ұзақ мерзімді және нәтижелі байланыс орнатуға барынша күш салысуға келісті.

Ресми сапар барысында  Италиядан келген қонақтарға арналған Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорына  және ҚР Ұлттық мұражайына  экскурсиялар ұйымдастырылды.