ҚазҒЗМИ-да конституциялық реформаларды талқылауға арналған ғылыми семинар өтті

24.02.2017 15:11 1696

Үстіміздегі жылдың 24 ақпаны, сағат 15:00 Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында конституциялық реформаларды талқылаудың  қорытындысын шығаруға арналған ғылыми семинар өтті.Талқылауға ҚазҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов, Бейбітшілік және келісім сарайы мұражайының ғылым жөнінде орынбасары – ғылыми хатшы Аманбек Мұқашев, «Халық қазынасы» ҒЗИ басшысы,тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ археология және этнология кафедрасының доценті Асылхан Бикенов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕУҰ археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Қалжан Рахимжанов, Саясат ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Нәубат Қалиев, Еуразиялық дизайнерлер кеңесінің төрағасы Ермек Асылханов және ҚазҒЗМИ ғылыми қызметкерлері қатысты.

ҚазҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов өз сөзінде, билік тарамдары арасындағы құзыреттілікті қайта бөлу бойынша Конституциялық түзетулер жобасы елді ғана емес,сондай-ақ шетелді де бей жай қалдырмағанын айтты. «Көпшілік талқылауға қоғам және азаматтық сектор,мемлекеттік органдар,ғылыми және шығармашыл зиялы қауым,барлық деңгейдің Парламент және маслихат депутаттары белсенді қатысты.Бір айда ауқымды жұмыс атқарылып,көптеген ұсыныстар енгізілді.Ғалымдар мен алдыңғы қатарлы заңгерлердің пайымдауынша,мұндай тәсіл адам құқығын сақтау саласындағы халықаралық тәжірибеге толықтай сай.Қызметтерді ауқымды түрде қайта қарау Үкімет пен Парламенттің, оның мүшелерінің жекелей және толық шешім қабылдау мен жауаптылық жүйесін түбегейлі өзгертеді. Конституциялық реформа-2017 мемлекеттік институттарды басқаруды жаңадан іске асырады.Бұл біздің мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта өз орнын сақтап,нығайтуына септігін тигізетін, Қазақстандағы саяси жүйені демократизациялаудың жаңа жолы» - деп атап көрсетілді.

Ғылыми семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар қабылданған конституциялық реформалар орынды, қажеттілігі зор әрі өмірдің барлық саласында жағымды әсер тудыратынын баса айтты.