ҚР ҰҒА-ның 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара – Ұлттық Ғылым Академиясы жалпы жиналысының салтанатты сессиясы 22 ақпанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратында өтті. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті, ҚР ҰҒА академигі Нұрсұлтан Назарбаев, академиктер, корреспондент-мүшелері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшелері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ҒЗИ директорлары, елдің көрнекті қоғамдық және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар, ғылым академия президенттері Ресей Федерациясынан Фортов В.Е., Қырғызстаннан Эркебаев А.Э., Грузиядан Квеситадзе Г.И., Молдовадан Дука Г.Г., Татарстаннан Салахов М.Х., Беларусь ҰҒА Президиумы Төрағасының орынбасары Килин С.Я., Украина ҰҒА Вице-президенті Кошечко В.Г., Өзбекстан ҒА жалпы және бейорганикалық химия Институтының директоры Закиров Б.С., Әзербайжан ҰҒА Төралқа әкімшілігінің Ғылым және білім беру басқармасының бастығы Садыгов А., Тәжікстан Республикасы ҒА академигі М.Илолов «Elsevier» басқарма төрағасы және стратегиялық даму жетекшісі, «Relax group» директорлар кеңесінің мүшесі Йонг Сук Чи, ҚХР- ның Алматы қаласы Бас консулы Чжан Вэй және т.б. көптеген делегациялар қатысуда
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Шараның ашылу салтанатында ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов мемлекетіміздің құрылуы мен дамуындағы академияның маңыздылығын айтты. «Шамамен 70 жыл бұрын Қазақ ССР Ғылым академиясы ашылған. Ол республикамыздағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп, біріктіріп отырды. Ұлттық ғылым академиясы бүгінгі мерейтойын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру кезеңінде атап өтуде. Қазір бүкіл әлем жаһандық экономикалық дағдарыс және терроризммен күресіп жатыр. Осы орайда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы саяси мәртебесін де айтқым келеді. Ол халықаралық терроризммен күрес жолындағы әлемдік саясатта жаңа бастамаларды қолға алып жүр», - деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов. Мұрат Жұрынов баяндамасында академия бүгінгі таңда Ұлт көшбасшысының таңдаған жолын толық қолдайтынын айтты. «ҚР ҰҒА мүшелері өз жиналыстарында алғашқылардың бірі болып конституциялық реформаға үндеуді және экономика мен әлеуметтік саланы үшінші жаңғырту туралы Қазақстан халқына Жолдауды талқылады, ҚР тұңғыш Президенті және ұлт көшбасшысы жүргізіп отырған жаңа саясатты бірауыздан қолдады. Біздің ғалымдар іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бар күшін салады. Бұл зерттеулер әлемдік деңгейге сай келеді және ғалымдар Қазақстан таяу он жылда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін аяқталған жұмыстардың өндіріске белсенді енгізілуіне атсалысатын болады»,- деді Мұрат Жұрынов.ҰҒА президенті өз баяндамасында академияның негізгі даму кезеңдерін қозғап, ғылым қазақ халқының тарихын, оның аумағы мен мәдениетін зерттеуден пайда болғанын атап айтты. Әбу Насыр әл-Фараби, Қ.А. Яссауи, Дулати, Бируни, сондай-ақ көрнекті ресейлік және еуропалық ғалымдар: И.Криллов, В.Татищев, Г.Миллер және басқалардың еңбектері оған негіз болған. ҚР ҰҒА құрамына мемлекеттің алдыңғы қатарлы ғалымдары – академиктер, корреспондент-мүшелер, әлемдік ғылыми қауымды мойындатып, қоғамның саяси, экономикалық, рухани және әлеуметтік дамуының маңызды деген сұрақтарын шешуде білім мен мәдениеттің, отандық ғылымның дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан 14 шетелдік және 88 ҚР ҰҒА құрметті мүшелері кіретінін атап өтейік.
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас директоры Асқар Бөрібаев, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов