ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ «САРАЙШЫҚ: ҰЛЫ ҚАЛА ТАРИХЫ»

18.03.2017 16:28 1652

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сарайшық: ұлы қала тарихы» ғылыми конференциясын ұйымдастырады.

Конференция барысында Сарайшық қалашығын қалпына келтіру мен қорғау мәселесіне назар аударту  мақсатымен бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулерді талқылау өткізіледі.

Конференция барысында 3 бөлім жоспарланған:

  1. Сарайшық: зерттеу мәселелері,сақтау және мұражайландыру.
  2. Қорғау  мәселелері,мұражайландыру және туристік инфрақұрылым жасау.
  3. Алтын Орда,Сарайшық және Қазақ хандығының  тарихы.

Конференция қорытындысы бойынша  ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.

 Өткізу уақыты: 2017 ж. 3 ақпан с.09.00 –  тіркелу, с.10.00 – конференция басталады.

Өткізу орны: Астана қ. «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі», Тәуелсіздік даңғылы 54.

Ғылыми мақалаға келесі талаптар қойылады:Материалдың көлемі – 3-7 толық бет, А4 форматында, бағдары – кітапша, жиегі барлық қырынан - 2 см, мәтін ені бойынша  тасымалсыз теңестіріледі; беттерді нөмірлеу жоқ. Қаріп түрі  - Times New Roman, кегль 14, абзацты шегініс – 1,0 жоларалық шегініс – дара. Баяндама атауы – ортада қалың қаріппен. Шегіністен кейін сол жағынан курсивпен тегі және автордың  аты жөнінің бірінші әріптері, жұмыс орны, қала, ел, e-mail жазылады. Мақалалар kazniinauka@mail.ruэлектронды поштасына қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыздар: 8 (7172) 57 40 78 (615).