Қазақстандық экскурсия жетекшілері Ресей мұражайларында тағылымдамадан өтті

23.06.2017 16:00 2965
  • WhatsApp Image 2017-06-19 at 19.27.44
  • Шолпансауле
  • WhatsApp Image 2017-06-19 at 19.28.01
  • Байгабулова Гульнар М.
  • WhatsApp Image 2017-06-20 at 15.06.31(1)
  • WhatsApp Image 2017-06-21 at 18.31.26
  • WhatsApp Image 2017-06-21 at 18.42.37
  • WhatsApp Image 2017-06-21 at 18.42.38
  • WhatsApp Image 2017-06-22 at 22.54.55
  • WhatsApp Image 2017-06-22 at 22.55.00
  • WhatsApp Image 2017-06-22 at 22.55.03
  • WhatsApp Image 2017-06-22 at 22.55.04
  • WhatsApp Image 2017-06-23 at 09.21.36 (2)
  • WhatsApp Image 2017-06-23 at 09.21.36

Өткен аптада қазақстандық мұражай жетекшілерінің тобы Санкт-Петербургте болды. Сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (ҚР МСМ) тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ұйымдастырған (ҚР МСМ ҚазҒЗМИ) мұражай экскурсияларының теориясы мен тәжірибесі және ұлттық халық костьюмдері бойынша білім беру бағдарламаларына қатысу.

13 мен 19 маусым аралығында тыңдаушылар Мемлекеттік Эрмитажда, Мемлекеттік Орыс мұражайында, Орыс этнографиялық мұражайында, Мемлекеттік театралды және музыкалды өнер мұражайында, Мемлекеттік Ресей саяси тарихы мұражайында, Мемлекеттік Санк-Петербург тарих мұражайында болды.

Теорияны бекіту барысында аты аңызға айналған тарих ордаларында курсқа қатысушылардың тағылымдамасы өтті. Мұражай экскурсиясын өткізудің жалпы теориясынан басқа, шетелдік аудитория, әр түрлі жас категориясындағы келушілер, мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері қаралды. Мұражай экспонаттарын бағалаудың талаптары, экскурсиялық қызметтің қазіргі бағыттары, экскурсиялық ағымды талдау тәсілі қарастырылды.

Курсқа қатысушылардың жеке тобы дәстүрлі халық костюмдерінің ерекшеліктерін зерттеп, оның көркемдік әсемдеуі мен декорын талқылады.

- Біліктілікті арттыру үрдісі – қажетті шара. Жастар барлығын Google арқылы іздеуге әдеттенген ақпарат ғасыры –  мұражай экскурсияларының жаңа ыңғайын талап етеді. Бұл,  экспозиция жиі жаңармайтын аймақтарға, сондай-ақ, көрмелерді өткізу үрдісі белсендірек біздің Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы сияқты  ірі нысандарға қатысты, - деп, ҚазҒЗМИ халықаралық қатынастар мен біліктілікті арттыру департаментінің директоры Шолпансауле Момбекова атап өтті. – Тек биыл ғана мұражай «Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайынан алынған жауһарлар», «АҚШ-тың жеке топтамаларынан алынған орыс өнерінің жауһарлары», «Сұлтан Бейбарыс пен оның дәуірі» Сұлтан Бейбарыстың жеке заттарының көрмесі, «Император Цинь Шихуандидің терракот әскерінің мәдени ескерткіштері» сынды хылықаралық көрмелердің бірқатарын өткізді. Елімізде халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараларды өткізуге байланысты біздің театрлар өзінің репертуарын белсенді кеңейтіп, жаңартуда, бұл өз алдына анық жаңғырту мен оқиға орын алатын белгілі бір дәуірдің костюмдерін қалпына келтірудің тұпнұсқалығын талап етеді. Сондықтан мәдениет саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі өте өзекті. Мұндай тағылымдамаларды біздің институт жыл сайын өткізеді. Біздің жоспарымызда – мәдениет саласындағы үздік мамандары бар мәдени орталықтардың шеңберін кеңейте отырып, осы тәжірибені насихаттау.

Бірнеше курсқа қатысушы өздерінің алған әсерімен бөлісті.

Мемлекеттік «Әзірет сұлтан» тарихи-мәдени мұражай қорығының экскурсия жетекшісі Күнсұлу Әсетова:

- біліктілікті арттыру курсының барысында алған теория мен тәжірибелік дағдылар өте қажетті және уақытылы. Осындай аңызға айналған мұражайларда білім алу, алдымызға, біз әлі де  талпынатын биік міндет қойды. Олар туралы естіп, білу аз! Осы әсемдікті өз көзімен көріп, көпғасырлық тарихты білгенде сөзбен айтып жеткізе алмайтындай сезімді бастан кешіресің. Біліміміз ары қарай толыға түссе екен дейміз, бұдан басқа, Қазақстан туризмді белсенді дамытып отырғанын ескерсек, әр түрлі тілдердегі мұндай оқытудың қажеттілігі бар. Курстарды ұйымдастырған үшін  үлкен алғыс білдіремін, оған қоса, артынан ілесіп кету қиын ақпараттық технологиялардың дамыған ғасырында  олардың қажеті анық.

Астана қаласының М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының тігін цехының меңгерушісі Гүлнәр Байғабылова:

- Ұйымдастырушыларға ұсынған мүмкіндік үшін рақмет! Оқытудың мазмұнды бағдарламасы – іс-тәжірибелік сабақтармен бірге теория – таңғаларлық көркем, тұпнұсқа мұражай экспонаттарын тек көріп қана емес, жақынырақ танысуды мүмкін етті. Курс барысында алған білім мен дағдылар менің жұмысыма үлкен үлес қосып, білгілі бір кезеңнің белгілі бір мәдениетінен шынайы көрініс беруге жағдай жасайды.