«Сақтар алтыны» түпнұсқадағы артефактілердің халықаралық көрмесі

01.07.2017 17:00 3260
  • D4S_7369
  • D4S_7584
  • D4S_7492
  • D4S_7485
  • D4S_7489
  • D4S_7532
  • D4S_7695
  • D4S_7501

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ұлттық музейде бірегей «Сақ алтыны» түпнұсқадағы артефактілердің халықаралық көрмесінің ашылуы өтті.


Көрмеде Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану мұражайынан және тәуелсіз Қазақстанның Ұлттық музейінен, сондай-ақ, танымал қазақстандық реставратор Қырым Алтынбековтың топтамасынан алынған бірегей олжалар, сақ мәдениетінің (б.з. д VII-II ғ.) үздік заттары ұсынылды. Ерте көшпенділер көркемдігі мен техникасы қайталанбайтын декоративті өнер заттарының үлгісі арқылы өзінің дүниетанымынан көрініс береді (әйгілі «скиф үш тағаны» аталған: көшпенді мал шаруашылығы, әскери тұрмыс және скиф-сақтардың «аң стилі»).

Көрме ежелгі көшпенділердің көркем мәдениетінің қазынасын көрсетеді және өткен мыңжылдықтардың рухын сезінуге мүмкіндік береді.  Көрме кураторлары: суретші-реставратор, «Қрым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының негізін салушы және жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР көркемөнер Академиясының академигі Қрым Алтынбеков,  Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Наталья Еремина,  дизайнер, «Қрым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының атқарушы директоры Элина Алтынбекова.