National Geographic Қазақстан және Қазақ ғылыми зерттеу мәдениет институты меморандум жасасты

05.07.2017 18:00 2959
  • WhatsApp Image 2017-07-05 at 17.10.30
  • WhatsApp Image 2017-07-05 at 13.33.28
  • national_geographic_azastan_anons_pic

2017 жылдың 5 шілдесінен бастап, National Geographic Қазақстан  мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми зерттеу мәдениет институты өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты, сол арқылы тараптар ынтымақтастықты кеңейту мен тарих, өнер, мұражай саласында ғылыми-білім беру қызметін бірігіп атқаруға дайын екенін білдірді.

- Қазіргі уақытта  Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның жетекші ғалымдарын қатыстыра отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұсынған идеялардың стратегиялық өзегіне айналатын «Сакралды география» ауқымды жобасы жүргізіледі, - деп, институттың бас директоры Андрей Хазбулатов атап өтті. – Оның мақсаты – Қазақстанның қасиетті жерлерінің бірыңғай мәдени-географиялық белдеуін қалыптастыру, басқа сөзбен айтқанда, қасиетті нысандардың толық картасын жасау.

«Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» жобасын іске асыруда ақпараттық қамсыздандыруға маңызды рөл беріліп, жүйелілік талап етіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын айқындау, жобаның білім беру қорын қолдану, Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру тұрғысынан сакралды нысандарды көпшілікке тарату қажет.

- National Geographic Қазақстан –  өз тарихын 1888 жылдан бастайтын белгілі ғылыми-танымдық журнал.  Әлемдегі ең ірі ғылыми-танымдық және білім беру ұйымы ретінде National Geographic ұлттық аудиторияның қол жеткізген үздік сапасы, ел ішіндегі және оның шекарасындағы көпшіліктің санасына әсер етеді, - деп, жауапты редактор Мақсат Ясылбайұлы айтып берді. – Қазіргі уақытта журнал 38 тілде және әлемнің 80 аса еліне география, табиғат, тарих, ғылым мен мәдениет сынды тақырыптарда таратылады.

Тұңғыш ортақ жобалар ретінде тараптар басым мәселелерді талқылады. Солардың ішінде елдегі қасиетті жерлердің интерактивті онлайн-платформасын қалыптастыру жұмысы, танымал саяхатшы  Яцек Палкевичтің «Ұлы жібек жолы – 2018» экспедициясының ақпараттық қолдауымен, сондай-ақ, Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау мақсатында деректі фильмдерді жасау.