2018 жылдың 3 мамырында Вашингтонда Америка Құрама Штаттарына іссапар аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, философия докторы Андрей Хазбулатов «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар кездесулер өткізді.
Соның ішінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі және АҚШ-тың ат салысуымен Андрей Хазбулатовтың «Жаһандық саясат бастамалары» компаниясының президенті Джей Футликпен (Jay K. Footlik) кездесуі өтті.
Кинематография саласындағы бірлескен жобалар, қазіргі уақытта ҚР Парламентінде қарастырылып жатқан «Кинематография туралы» заңнамаға ұсыныстар, сонымен қатар, қазақстандық кинематографтың келешегі мен даму жолдары талқылауға арқау болды.
Американдық тарап кино саласының табысты дамуы үшін фильмдерді шығару және оның дистрибуциясымен айналысатын компанияларға салық салу жүйесінде белгілі бір жеңілдіктер болуы тиіс екенін атап өтті. Голливуд кинокомпанияларының қазақстандық компаниялармен серіктестігінің қырлары қарастырылды. Осыған орай, қазақстандық тарап Қазақстанның кино саласындағы әлеуетін зерттеу үшін АҚШ сарапшыларын шақырды. Дж. Футлик американдық компаниялардың серіктестікке дайын екенін растады.
Джей Футликтың Азия, Африка, Жақын Шығыс пен Еуропада жаһандық стратегиялық тәжірибесі бар. Ол 500 ірі компаниямен, бастамалармен, министрліктермен, елшіліктермен жұмыс істеген және олардың мақсаттары мен міндеттеріне жетуі үшін стратегияларды әзірлеу мен қолдануға ат салысқан. Еврей Қоғамымен Америка байланыстарының координаторы және президент Клинтонның Польшаға, Норвегияға, Израиль, Газа секторы, Иордания мен АҚШ-тың әр түрлі қалаларына ресми сапарлары кезінде көмекшісі болған.
2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының басшылығымен делегация сапары кезінде Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениеті мен кино күндері кинематография саласындағы Қазақстан-американдық ынтымақтастықтың ірге тасы қаланды. Болып өткен кездесу белгіленген мақсаттардың тәжірибе жүзінде іске асуының көрінісі болып табылады.