Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтымен келісім жасалды

13.12.2018 10:00 3108

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, философия докторы (PhD) Андрей Хазбулатов пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының проректоры, Колумбия университетінің адъюнкт профессоры Рафис Абазов ынтымақтастық және ғылыми білім беру саласындағы бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды.

Соның ішінде тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер, ісшаралар, конференциялар мен симпозиумдар өткізуді және БҰҰ, ЮНЕСКО мен басқа да халықаралық ұйымдардың қызметі аясында серіктестікті жоспарлайды.

Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты ағымдағы жылдың мамырында Астаналық экономикалық форумның (АЭФ) платформасында ашылды. Институт миссиясы адамзат өркениетін сақтауға арналған жаһандық міндеттерді орындау болып табылады.