Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты 2018 жылдың қорытындыларын шығарды

21.01.2019 18:00 3169

2019 жылдың 21 қаңтары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Президенттің жолдауына және  2018 жылдың қорытындыларына арналған Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры,  PhD докторы Андрей Хазбулатовтың қатысуымен баспасөз-конференция болып өтті.

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының шығуы қуатты серпін беріп,  қазақстандық мәдениеттің өзіндік жаңғыруына ықпал етті.

- "Ұлы даланың 7 қыры"  жалпыға ортақ тарихымыз бен мәдениетіміздің барлық маңызды қырларын біріктіретін "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жалғасы және оны жүзеге асырудың егжей-тегжейлі стратегиясы болып табылады.  Осы бірегей бағдарламалық мақалалардың және Елбасының тарих, ғылым мен  мәдениет салаларына деген ерекше назары арқасында біздің сала белсенді өркендеу кезеңін бастан кешіріп жатыр. 

"Ұлы даланың 7 қыры" мақаласын практикалық жүзеге асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен институт Ежелгі өнер және технология музейінің Тұжырымдамасын, эскиздік жобасын және қағидалық мазмұнын қалыптастырды.  Сонымен қатар, ежелгі Отырар қаласын қалпына келтірудегі белсенді  жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде қала айналасындағы нысандарды қайта қалпына келтіру көзделіп, болашақта осы тарихи ескерткішті туризм нысанына айналдыруға мүмкіндік береді. 

Өткен жылдың қорытындылары туралы айта отырып, А.Хазбулатов биылғы жылдың қаңтарында қабылданған "Кинематография туралы" заңнама бойынша ауқымды жұмыстар мен "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұлттық цифрлық киноколлекцияны қалыптастыру  туралы атап өтті.  

Анықтама үшін:  2017 жылы 11 009 бірлік HD форматындағы киноқұжаттар, 1500 бірлік 4К форматындағы киноқұжаттар, сондай-ақ Ресей Федерациясының Мемфильмқорында сақтауда тұрған Қазақстан Республикасының студияларының 1300 бірлік киноқұжаттары цифрлаудан өтті.  2018 жылы киноқұжаттарды 3000 сақтау бірлігінен сандық көшірмелер жасау, HD-да цифрлау,  сондай-ақ киноқұжаттарды 500 сақтау бірлігінен сандық көшірмелер жасау, 4K-да цифрлау, дыбыс пен бейнені ұштастыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Цифрланған материалдарды түсті түзету жұмыстары жүргізілді. Интернет желісі арқылы жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының ұлттық цифрлық киноколлекциясы деректерін есепке алудың, сақтаудың және өңдеудің бағдарламалық-аппараттық кешені мен портал жұмыс істейді (www.filmofond.kz). 

Оның баяндамасының жеке блогы институттың басым бағыттарының бірі – археологиялық жобаларға арналды.

- Біз ескірген әдістерді зерделеп, қайта қарадық, ақпараттық порталдарды құру арқылы есеп берудің транспарентті және ашық жүйесін қолданамыз, мұнда ғылыми-зерттеу жұмысының динамикасы көрініс тауып, барлық олжалар мен артефактілер егжей-тегжейлі ұсынылады. Егер жіті тоқталатын болсақ, бұл 10 аса ғылыми басылым және 50 ғылыми мақала, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 7 жаңасын жазу және толықтыру , археологиялық жобалар бойынша 6 ақпараттық портал , институт сайтында зжарияланған жалпы қолжетімді 13 ғылыми-көпшілік фильм шығарылды (www.cultural.kz).  Қазақстан бойынша онлайн-режимде 3D турлардың көмегімен саяхаттауға мүмкіндік берген http://3d-maps.kz сайтының құрылуын айта кеткен жөн, сондай-ақ сайттың қағаз нұсқасы тарихи-мәдени нысандарды және жалпы тәуап ету орындарының физикалық картасы түрінде және қосымшадағы альбомымен бірге ұсынылған.

Анықтама үшін:  Есеп беру  кезеңінде еліміздің жетекші археологтары мен шетелдік ғалымдардың қатысуымен 15 ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылды. Осы жұмыстың нәтижесінде 300-ден астам артефактілер табылып, Қазақстан мұражайларына табыстауға дайындалды.

- Институттың жетекші жобаларының бірі көп ғасырлық тарихы бар Түркістан қаласының ежелгі орталығы болып табылатын Күлтөбе қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстары болып табылады, - деп атап өтті А. Хазбулатов. -Археологиялық зерттеулер барысында біздің заманымызға дейінгі I ғасырмен кезеңделетін  Ясы қаласының цитаделінің қирандылары, сондай-ақ Ахмет Яссауидің өмір сүру кезеңінің  құрылыстары табылды, бұл XII-ХІІІ ғғ., тіпті XVIII-XIX ғғ жатады. Биылғы жылы цитадель мен оның айналасын (шахристан мен рабад) толық ашу жоспарланған. Жобаға шетелдік сарапшылар тартылды, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен келісім жасалды. Жобаның қорытынды нәтижесі Оңтүстік Қазақстанның тағы бір туристік інжу-маржаны болуға үміткер, ашық аспан астындағы мұражай құру болмақ.

Институт ғылыми-зерттеу жобаларымен қатар, симпозиумдарды, конференциялар мен форумдарды ұйымдастыру мен сүйемелдеуді, каталогтар шығаруды, тұсаукесерлер, көрмелер мен пікірталастар өткізу кіретін мәдениет саласындағы имидждік жобаларды да табысты жүзеге асырады.

Олардың қатарында Мәскеудегі  Мемлекеттік Думада өткен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25 жылдығына арналған "Қазақстан және  Ресей – достығы ғасырларға" көрмесі, Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырылған Халықаралық көрмелер, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғылыми және шығармашылық интеллигенциясының ХІІІ форумы,  сондай-ақ "Жаһандық әлемдегі заманауи  қазақстандық мәдениет" жобасы аясында Тәуелсіздік жылдары қазақстандық суретшілердің бейнелеу өнері туындыларын іріктеу және "Қазақстанның қазіргі заманғы суретшілері"каталогының шығарылуы бар.

Өз баяндамасын қорытындылай келе, Андрей Хазбулатов институт қызметі Қазақстан мәдениетін әлемдік сахнаға  шығару, ұлттық мәдени мұраны сақтау және дәріптеу, маңызды жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдету, стратегиялық және тарихи аспектіде маңызды жаңа нысандарды іздестіру бөлігінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті. Бір сөзбен айтқанда, Елбасының  "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында белгіленген басты міндетке қол жеткізу: "Рухани жаңғыру" - мәдениетімізді, жеке ұлттық кодымызды, жаһандық әлемге лайықты таныта алатын ұлттық бірегейлігімізді сақтау.

Доклад генерального директора КазНИИК А.Хазбулатова_21-01-2019 г.