ЮНЕСКО сарапшылары Түркістанға келді

03.04.2019 10:00 2918

 


2019 жылдың 30 наурызы  дүниежүзі мұрасын сақтау жөніндегі қызметті қолдау үшін Түркістанға ЮНЕСКО сарапшылары келіп жетті.  Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан қаласын дамыту мақсатында Дүниежүзілік мұра тізіміне енетін Қожа Ахсмет Яссауи кесенесінің жанындағы 88,7 гектар аумақта орналасқан нысандарда археологиялық, консервациялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстар ғимараттар мен құрылыстардың құрылымын нығайту арқылы ежелгі архитектураны сақтау, жер асты суларын бұру және бүлінуден сақтайтын қорғаныс элементтерін орнату, қаланың туристік әлеуетін арттыру үшін көшелерге жол салу, аумақтағы нысандарды жайластыру және жақсартуға бағытталған. Осындай нысандардың қатарына Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты археологиялық қазбалар мен аспан астындағы археологиялық парк-музейін ашу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқан Күлтөбе қалашығы кіреді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің мәртебесін ескере отырып, мәдениет институты даму жоспарының ықпалы есебі мен «Әзірет-Сұлтан» музейі аумағын ИКОМОС/ЮНЕСКО ұсыныстарын есепке ала отырып жақсарту жұмыстарының егжей-тегжейлі сипаттамасын әзірледі. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпанында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Дүниежүзілік мұра өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Дүниежүзілік мұра орталығына мәдени мұра ескерткішіне ықпал етуді бағалау-есебі мен қажетті құжаттаманың берілуі туралы келісімге қол жеткізілді. Мәдениет институты халықаралық орталықтар, жетекші сарапшылармен келісімдерге қол жеткізді, қазіргі уақытта олар Түркістанға біріккен жұмыс үшін аттанды. Сарапшылардың қатарында дүниежүзілік мұра нысандарының сақталу жағдайына баға беру жөніндегі  Халықаралық кеңестің жетекші сарапшысы (ICOMOS), профессор Доктор Михаэль Янсен (Германия) және CIPA мұрасының құжаттамасы жөніндегі  ғылыми комитеттің ICOMOS сарапшысы доктор Она Вилейкис Тамайо (Канада) бар.Ағымдағы айдың соңына дейін Түркістанға жобаға қатысуын растаған тағы 10 сарапшы қорытынды есепті әзірлеу үшін келіп, есеп ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы Комитетінің 43-отырысында биылғы жылдың жазында Бакуде қаралады. Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, PhD докторы  Хазбулатов Андрей Равильевич шақырылған сарапшыларды облыстың әкімі Өмірзақ Шөкеевке таныстырды, сонымен қатар сарапшылармен бірге  Гулшара Әбдіхалықованың қатысуымен  селекторлық жиналыс өтті. Нігізгі талқылау мәселесі ескеркерткішті сақтау  мен дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау Конвенциясының ережелерін ұстану болып табылады.