Күлтөбе қалажұртындағы қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі керамиканың ерекше жинағы елдің жетекші мұражайларының экспонаттар қатарын толықтырады.
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының (ҚазҒЗМИ) археологиялық тобы жүргізген Күлтөбе қалажұртының ежелгі қабаттарын 2 жыл бойы зерттеу барысында 20 мыңға жуық ежелгі керамика сынықтарын тапты. Жұмыс нәтижесінде салттық, ғұрыптық және тұрмыстық керамиканың бірегей коллекциясы жинақталды.
«Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» ғылыми жобасын жүзеге асыру кезінде мамандар 500-ге жуық сынық және археологиялық тұтас ыдыстарды таңдап алып, суреттерін жасады. Олардың барлығы - жергілікті тұрғындардың өмір салты мен дүниетанымына қатысты ғалымдардың көптеген сұрақтарына жауап табуға мүмкіндік беретін жәдігерлер.
- Қазба жұмыстары кезінде керамика кездескенде, ғалымдар мұндай олжаларға әрдайым қуанады, - дейді Андрей Хазбулатов, философия докторы (PhD) «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының» бас директоры. - Ыдыстар, хумдар және әртүрлі бұйымдар – дүниетанымдық идеяларды, көркемдік әдістер, тәсілдер және амалдардың жүйесін ашатын, ежелгі қаңлылардан бастап, түркістандық стильдің пайда болғанға дейін және одан әрі өркендеуіне дейінгі керамикалық көркемдік дәстүрлерінің сабақтастығын байқауға мүмкіндік беретін маңызды тарихи дереккөз.
Ежелгі Түркістан керамикасы - керамикалық бұйымдар жасауда бірегей технологиямен өз заманының жаңашыл технологиялық және көркемдік бағыттарымен үйлесетін жарқын және ерекше құбылыс болып саналады.
Жинақталған заттарға сүйене отырып, әр уақытта қыш-құмыра өнері қалай дамығанын, керамиканың қандай түрлері және оны әрлеу тәсілдері қолданылғанын зерттеуге болады. Осындай жұқа қабырғалы ыдыстар көбінесе қолмен жасалған. Институт қызметкерлерінің айтуынша, керамиканың мұндай үлгілері ерте уақытқа жатады. Балшықтың астынан көптеген үлгілері табылған, Түркі дәуірінде Орта Азия дәстүрлерінің әсерінен күйдірілген керамика дами бастаған. XV ғасырда «тимуридтік стиль» үстемдік етеді, оның айрықша белгілері ақ ангоб үстінен кобальт реңктері бар болған. XV ғасырда керамика үш түске боялған, бірақ «тимуридтік стиль» дәстүрлері әлі басым болған.
-Қазба барысында біз, XVI ғасырда Ясы-Күлтөбе қыш өндірісінің ірі орталығына болған деген қорытындыға келдік, - дейді Андрей Хазбулатов. – Жергілікті қолөнершілер сол кезде өз өнімдерін көк-жасыл түстермен безендіріп, күйдірілген керамикаға маманданған. Бір ғасырдан кейін колорит өзгереді. XVII ғасырда қолөнершілер кобальтпен әшекейлеуден біртіндеп бас тартады, ақ глазурьге қою қоңыр марганецпен әшекейлеуге көшеді. Мұндай түстер сары жылтыр үстінен жасылмен әшекейлеу пайда болғанға дейін болған.
Бүтін ыдыстар сияқты, барлық сынықтарды археологтар реставраторларға береді. Олар ыдыстарды мұқият тазартып, бөліктерін біріктіреді, егер мүмкін болса, құмыра, леган және басқа керамикалалық заттарды жинауға тырысады. Олардың арасында сирек кездесетін сары түстер фонында қоңыр, жасыл, қызғылт сары кескіндемелер салынған ерекше экспонаттар бар. XVI-XVIII ғасырларда Күлтөбе керамикасы ашық және бай түске ие болды, оны жапырақтар, бүршіктер мен гүлдер өрнектермен безендірген болатын.
Керамикалық жәдігерлердің арасында ыдыс-аяқтар мен салттық керамикадан басқа, керамикалық тақтайшалардың фрагменттері де бар. Оның түстері мен өрнектері көп жағынан Қожа Ахмет Ясауи кесенесін безендіру үшін қолданылатын тақтайшаларға ұқсас. Ғалымдар оны өндіру технологиясын, компоненттерін табуға қанша тырысқанымен, мұндай тұрақты түске қол жеткізе алмады. Жаңа үлгілерді зерттеу ғылымда жаңлықтар ашуға көмектесуі мүмкін.