ҚАЗАҚСТАН ПОМПЕЙІ

05.02.2021 00:00 1707

Түркістандағы Күлтөбе қалажұртында жұмыс тоқтатылған. Археологтардың жеті айлық тынымсыз еңбегі аяқталды.

Бірақ, бұл археологтар жұмыссыз отыр дегенді білдірмейді. Мәдени қабаттардан табылған көптеген жәдігерлер тазартудан және қалпына келтіруден кейін жіктеледі, зерттеледі және мұражайларға жіберіледі. Ғалымдар өз баяндамаларында ғылыми талдаулар, қорытындылар жасайды.

Ежелгі заманнан қалған заттар қандай ақпарат бере алады?

Күлтөбенің ерекше археологиялық саябаққа айналатыны сөзсіз. Ол Тараздан асып түседі. Әрине елеулі қаржыландырусыз жұмыс басталмас еді. Сондықтан қаржылық мәселелерде шешуге археологтар мен реставраторларға Eurasian Resources Group көмегін тигізді.

Бізді Түркістанға Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы QazaqGeography шақырды. Біз Ясы-Түркістанның ежелгі көшелерімен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры А.Хазбулатовпен асқпай араладық. Осы ғылыми мекеменің қызметкерлері екінші жыл қатарынан қалажұртта жұмыс істейді. Олар қазу жұмыстарын жүргізумен қатар, тарихи ескерткішті қалпына келтірумен айналысуда.

Күлтөбе қалажұрты Х.А.Ясауи кесенесінен алыс емес жерде орналасқан. Ежелгі сәулет пен археология ескерткіштерінің арасында 400 метр де жоқ. Барлық жұмыстар «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы аясында жүзеге асырылады.

Андрей Равильевичтің әңгімесі соншалықты қызықты, тартымды және мазмұнды болғандықтан сұрақтармен сөзін бөлгіміз де келмеді.

Археологтар қазіргі Түркістанның тарихы осыдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталған және бұған толық негіз бар деп санайды.

Оның үстіне, Тараздан немесе Отырардан айырмашылығы қаладағы өмір бір күнге де тоқтаған жоқ болатын.

Институт директорының әңгімесінен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде бірнеше тарихи кезеңдер: ең ертерегі – қаңлы кезеңі анықталған екен. Ғалымдар қаңлы тайпалар одағының өмір сүруін б.з.д. II – б.з. II ғасырларға жатқызады. Одан кейін орта ғасырлар кезеңі. Мұнда Тұран қалаларына мен далаға ислам дінінің келген тарихи кезеңін бөлу керек. Әрине, ғалымдар Қазақ хандығы өмір сүрген кезеңнің мәдени қабаттарын зерттеуге де  көп көңіл бөлді.

«Үш жылдық жоба терең ғылыми зерттеулерге және ішінара қалпына келтірумен архитектуралық консервациялық жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы болып табылатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің буферлік аймағында орналасқандықтан, бізде археологиялық қалпына келтіру жұмыстарды орындау кезінде сақтауға тиісті белгілі бір міндеттемелер бар», - дейді А.Хазбулатов.

Сондықтан қалажұртты аралап жүріп,  археологтардың, консерваторлар және реставраторлардың бірге жұмыс істеп жатқанын байқауға болады.

Сонымен қатар, ішінара қалпына келтірудің бір шарты - заманауи құрылыс материалдарын пайдаланбау, ежелгі технологияларды сақтау және шынайы материалдарды пайдалану. Туристерді Шымкенттегідей ертегі сарайлары сияқты емес, дәл осындай заттар қызықтырады.

Жоба бойынша барлық негізгі жұмыстар үш жыл ішінде аяқталуы керек. Екі жылы өтті. Осы уақыт ішінде 27 га жерді зерттеп, ғалымдар басты үш нысанды анықтады.

Олардың пікірінше, ежелгі ғибадатхана немесе қасиетті орын, ішкі ауласы бар феодалдың үйі және Х.А.Ясауидің замандасы болған сопының үйі – қалажұрт бойынша туристік экскурсияның негізі болуы керек.

Күлтөбені әлемдегі қай әйгілі археология ескерткіштерімен салыстыруға болады деген сұраққа сұхбат беруші көпке дейін ойланбады. «Итальяндық Помпеймен немесе түрік Топкапысымен», - деп жауап берді Андрей Равильевич. Жұмыстың ауқымдылығына қарағанда бұған күмән жоқ.

Қазба жұмыстарының бас жоспарына сәйкес, Күлтөбе қалажұртының өзіндік инфрақұрылымы бар болады. Жоба бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, яғни келесі жылдан кешіктірмей, заманауи жабдықталған, тастан жасалған көшелері, ортағасырлық жолдары бар, және ең бастысы, шатыр астында орналасқан археологиялық саябақ пайда болады. Онсыз біздің аймақта құрылыс үшін ең танымал материал  болатын   - саман  жел, жаңбыр мен қардың астында қайтадан бұзылып, ғалымдардың барлық жұмыстары босқа кетер еді.

Ғылыми институттың директоры Күлтөбені елдегі ең ежелгі қоныс деп санайды.

«Еліміздің көптеген аймақтарында көне қорғандар, ортағасырлық қалалар сақталған, бірақ Күлтөбе сияқты көне қалажұрттар жоқ.

Қала өзінің көп қабаттылығымен де қызықты және мұны жәдігерлер растайды. Мұнда көптеген оқиғалар болған, қала бірнеше рет қалпына келтірілген. Қала Ұлы Жібек жолының орталықтарының бірі болғандықтан да қызықты екені даусыз және сауда, қолөнер және өнеркәсіптік қала болған.

Бұрын басқаша  саналғанмен, бүгін біз Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жергілікті қолөнер шеберлері салған деп сеніммен айта аламыз », - дейді ғалым.

Бір уақытта бұл топқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев қосылды.

Оның айналасына археологтар тобы, олардың қатарында экспедициялық отрядтың бастығы А.Ержігітов және қонақтар жиналады. Олар Мейіржан Иябайұлынан әкімшілік бірегей археологиялық ескерткіштің болашағы туралы не ойлайтынын сұрай бастады.

«Егер бұрын туристер Түркістанға тек Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көруге келген болса, көп ұзамай олар бірегей туристік нысанды көре алатын болады», - деді аймақ басшысының орынбасары, археологтар мен тарихшылардың сөздерін растап.

«Бүгінгі таңда Түркістанда туризмді дамытуға үлкен қаражат бөлінген. Қаланы дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2024 жылға дейін туризмді дамытуға 320 млрд теңге бөлінді. Бұл өте үлкен сома, сөзсіз, туризм секторының дамуына серпін береді. Біз QazaqGeography-мен Түркістан оазисінің тарихи және мәдени орындарын танымал ету бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз», - деп сөзін жалғастырды ол.

Енді, бір газет бетінде айтылғандардың бәрін сипаттауға орын жеткіліксіз болатынын түсіндік. Бұл тақырып бойынша не көріп, білгеніміз туралы баяндайтын материалдар қажет сияқты.

Шымкентке оралмас бұрын біз облыстық туризм басқармасының бастығы Г.Ахбердиевке соғып кеттік.

Гульмира Асатиллаевна, әдеттегідей, көңілді, бірақ іскер ретінде өзін қатал ұстайды. Ол өзінің шағын, бірақ жайлы кеңсесінің босағасынан бізге үлкен жұмыс жоспарлары туралы әңгімеледі.

«Түркістанның түркі әлемінің мәдени және рухани астанасы, халықаралық туризм және Орталық Азиядағы қажылық орталығы ретінде дамуы - бұл туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі. Өзінің ерекше сәулет, тарихи және археологиялық ескерткіштерімен, таңғажайып табиғатымен және сақталған төл мәдениетімен Түркістан өңірі -туризмді ұлттық және халықаралық деңгейде дамытудың зор әлеуетіне ие », - деп басқарма жетекшісі өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, ол Түркістанға жақын орналасқан бірнеше нысандар туралы әңгімелеп берді; бұрын тәжірибеде болғандай, туристердің облыс орталығына бір күннен көп емес қонақтауын өзгерту -  мақсаттардың бірі болатынын айтты. Ол осындай көп туристерді тарту, тек Шымкенттің туристік нысандарымен бірлесіп жұмыс істеу көмектесетінін атап өтті.

Сондықтан, екі басқарма ортақ   туризм тұжырымдамасын әзірлеуде. Іс жүзінде Түркістан аймағы мен Шымкент бір туристік аймақ және олар әкімшілік жағынан қаншалықты тәуелсіз болса да, бір-бірінен ажырату қисынсыз.