Қазақстандық деректі кинорежиссерлер беделді The Archeology Channel 2021 кинофестиваліне тұңғыш рет қатысады. Мәдени мұра және археология туралы фильмдер көрсетілімінде біздің еліміздің атынан белгілі қазақстандық режиссер-құжатшының «Тарихты түсіну. Ежелгі Күлтөбе құпиялары» фильмі көрсетіледі. Фильм ежелгі Түркістанда Eurasian Resources Group (ERG) қаржылық қолдауымен «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық саябағын құру бойынша бірегей жобаны жүзеге асыру туралы баяндайды.
Келесі мамырда Американың Юджин қаласында өтетін беделді кинофестиваль 17-ші рет өткізіледі. Кинобайқаудың танымалдығы - оның алдыңғы фестивалінде 26 елден жүзден астам қатысушылары болғандығында. 2003 жылдан бастап The Archeology Channel International Film әлемнің 90 елінен режиссерлар қатысты. Қазақстан бұл беделді көрсетілімге бірінші рет қатысып отыр.
Алексей Каменскийдің фильмі ERG қаржылық қолдауымен «Күлтөбе қалажұртында тарихи нысандарды қалпына келтіру» ғылыми жобасы аясында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ҚазҒЗМИ) бастаған Қазақстандағы бүгінгі күнге дейінгі ең ірі археологиялық экспедицияның аралық нәтижелері туралы баяндайды.
The Archeology Channel International Film қатысу идеясы күтпеген жерден туындаған жоқ, - дейді фильмнің сценарий авторы және режиссері Алексей Каменский. – «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірлесе жұмыс істей отырып, біз екі далалық маусымда жобаға қатысты барлық маңызды олжалар мен оқиғаларды тіркеп, бейне материал жинадық. Бірінші кезеңде оператор Дмитрий Шишкин екеуміз археологиялық қазба жұмыстарын тікелей түсірдік. Осы жылдан бастап біз археологиялық жұмыстардан басқа археологиялық ескерткішті қалпына келтіру кезінде консервациялау және ішінара қалпына келтіру жұмыстарын бейнеге түсірдік. ҚазҒЗМИ әлеуметтік желілердегі жазылушыларымен бөлісіп қана қоймай, The Archeology Channel 2021 қатысу арқылы кең аудиторияға ұсынылатын деректі фильмге негіз болған қызықты бейне материал жиналды.
Бұл Алексей Каменскийдің Күлтөбе туралы түсірілген алғашқы фильмі емес. Өткен жылы режиссер бір сағаттық «Түркістанның жаңғыруы. Күлтөбе қалажұрты» атты тарихқа бай археологиялық зерттеулер туралы баяндайтын бейне түсірген.
Кинофестивальге ұсынылатын ағылшын тіліндегі жарты сағаттық фильм Түркістан оазисінің ең танымал туристік орындары болатын, ежелгі қирандылар біртіндеп бірегей археологиялық саябақтың пішінін ала бастайтын Күлтөбені сақтау мен ішінара қалпына келтіру жұмыстарына арнлаған. Күлтөбе қалажұртында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулері Еуразия халықтарының мәдениеттерінің ықпалдастық және өзара әсер ету процестерін зерттеудегі негізгі ескерткіші, Түркістанның, сонымен бірге Түркі әлемінің ежелгі қасиетті орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайта түседі, өзінің ежелгі тарихымен көптеген туристерді қызықтырады, - дейді «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС бас директоры, жоба жетекшісі Андрей Хазбулатов.
- «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы бойынша жұмыс жасау барысында қазақстандықтар, сонымен қатар халықаралық көрермендер үшін қызықты, әлемге әйгілі Discovery және Viasat History телеарналары трансациялық деректі фильмдер стилінде фильм түсіруді жөн көрдік. Фестивальге қатыса отырып, біз әлемдегі көптеген адамдардың ежелгі Түркістанның жүрегі болып табылатын бірегей археологиялық ескерткіштің бар екенін білгенін қалаймыз. Мұндай кинобайқау - халықаралық нарыққа шығуға және жұмысымыздың нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің институт жүзеге асырған барлық ғылыми жобаларда ғылыми баяндамалардан басқа, барлық негізгі ойларды видеоға түсіруге тырыстық. Біз бес жылдай ынтымақтастықта Қазақстанның ең үздік құжатшысының бірі Алексей Каменскийдің күшімен, осы бейне материалдардар тек тарихшылар ғана емес, қарапайым адамдар жеңіл қабылдайтын қол жетімді бейнелер мен деректі фильмдерге айналды.
Сонымен қатар, жобаны танымал ету үшін ҚазҒЗМИ Халықаралық кинорежиссерлар желісіне тіркеліп, аз уақыттың ішінде келесі жылы Канада, Чехия, Ресей, АҚШ, Сербия, Жапония, Ұлыбритания және Италияда өтетін тағы сегіз деректі фильм фестиваліне қатысуға шақыру алды.