Күлтөбе қалажұртында археологтар ежелгі тиындарды тапты

01.01.1970 06:00 715

Күлтөбе қалажұрты - Ұлы Дала тарихының қазынасы. Зерттеушілер қабаттан қабатқа, ғасырлардан ғасырлар тарихына үңіледі. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ең көне тиындар ғалымдарға көп мағлұмат берді. Тарихшылардың айтуы бойынша, олар Кушан патшалығының кезеңі – б.з. II және III ғасырларға ға жатады. Сонымен қатар, дәл осы Күлтөбеден табылған тиындар дала саудасының ерекшеліктері туралы мәліметтерді, яғни зерттеушілер әр түрлі тарихи кезеңдерде аймақтың сыртқы саясаты мен әлеуметтік өмірінің барлық ерекшеліктерін біле алады.

Павел Петров, археолог, Ресей:

- Бұл тиындар жалпы белгілі бір қаланың, елді мекеннің, аймақтың және тіпті бүкіл мемлекеттің тарихына қатысты көптеген сұрақтарға жауап бере алады. Өте ерте кезеңде Кушан тиындар осы аумақта айналыс құралы болғаны немесе болмағаны толық анық емес.  Оларды оңтүстіктен бір тауарды екінші тауарға айырбастайтын көпестер әкелуі мүмкін еді. Бұл тиындар кездейсоқ жоғалған болуы мүмкін. Тиындар Ауғанстанның солтүстігінде, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстанда шығарылған. Олар сол жерде айналымда болды. Бұл алтын немесе күміс емес, мыс тиындар болды. Бұл нумизматикалық материалдың, тиындардың оңтістік Қазақстанға сол кездерде алып келінгені анық.

Сарапшылардың пікірінше, бұл нумизматикалық материалдар Түркістанның екі мың жылдан астам тарихының айқын куәсы. Күлтөбеде Саманид, Шағатай, Алтын Орда дәуірінің ақшалары мен тиындары табылған. Күлтөбедегі қазба жұмыстарын Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты жүргізіп жатыр.

Андрей Хазбулатов, Қазақ ғылыми-ғылыми зерттеу мәдениет институтының бас директоры:

- «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы мен ҰҒА бастамасымен 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаға отандық және шетелдік жетекші ғалымдарды, археологтарды, мамандарды шақырғанбыз. Атап айтқанда, Күлтөбе қалажұрты ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміндегі нысанның буферлік аймағында орналасқандықтан жобаны бақылап, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ЮНЕСКО-ның сарапшылармен жұмыс істейміз.

Археологтар тиындардан басқа ежелгі цитадельдің және крес тәрізді құрылымның қабырғаларын, тұрмыстық заттарды, зергерлік бұйымдар, керамика және басқа бұйымдарды тапты. Бұл қазыналар Қазақстанның мұражайларында ұсынылатын болады.