ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов ҚР Мәдениет министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР мәдениет министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын таныстырды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы сізге, осынау жұмыстың маңызды саласын сеніп тапсырды. Президент көп ұлтты Қазақстанның мәдениетіне, төзімділікті нығайтуға, ұлтаралық келісімге айрықша көңіл бөледі»,-деген Үкімет басшысы Мәдениет министрлігінің жаңа басшысына жұмыста табыстар тіледі.
ҚР Премьер-Министрі сондай-ақ ведомствоның бұрынғы басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
М.Құл-Мұхаммедтің басшылығымен мәдениет және ақпарат саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді,-деген С.Ахметов «Сіз отандық мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қостыңыз»,-деп оның еңбегін атап өтті.
Мемлекет басшысының Өкімімен М.Құл-Мұхаммед ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалғанын еске саламыз.
по материалам www.mk.gov.kz