АҚШ елшісі Түркістанда болды

09.07.2021 14:27 2565

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х.Мозер мырзаның Түркістанға ресми сапары аясында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатовпен кездесу өтті.
А.Р. Хазбулатов институт қызметі туралы, археология, тарих, мәдениеттану саласындағы ғылыми зерттеулердің маңызды нәтижелері туралы, сондай-ақ институттың соңғы жылдардағы шығармашылық жобаларымен таныстырды. У.Х.Мозер мырза ерекше қызығушылықпен ERG қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру жобасымен танысты.