Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Жауапты хатшысы болып Уалиев Қуатжан Серікқазыұлы тағайындалды, деп хабарлайды Мәдениет министрлігінің сайты. Осы тағайындауға дейін Қ. Уалиев мырза «Қазақстан Республикасы Президентінің Алматыдағы резиденциясының» басшысы болып қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Ғ.Р. Әбдірахымов Министрліктің ұжымына жаңа Жауапты хатшыны таныстырды.