2014ж. 11 шілдеде Алматы қаласы ҚР мәдениет саясатты жұмысшы топпен қоғамдық талкылау жасалды

11.07.2014 20:22 2112

2014 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының жүзеге асу негізгі ұстанымдары мен тетіктері» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының мәдени саясат Тұжырымдамасы жобасын қоғамдық талқылау аясында жұмыс тобының ашық отырысы өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы болып Тұжырымдама жобасын әзірлеген Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты танылды.  

Тұжырымдама жобасын талқылауда ғылым өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, мәдениет пен білім қызметкерлері, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, БАҚ және ауқымды қоғам өкілдерінен шамамен 100 адам қатынасты.

 

Тұжырымдама жобасының тұсаукесер ашылу сәтінде Мәдениет министрлігінің талдау мен стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры М.Р. Абсаттаров баяндама жасады. Жобаның негізгі ахуалы келесідегідей жұмыс тобы мүшелерінің баяндамаларында айқындалды: ҚазҒЗМИ бас директорының бірінші орынбасары А.Р. Хазбулатов.., Ә. Қастеев ат. Мемлекеттік өнер мұражайының директоры Т.А. Қышқашбаев., Н. Сац ат. Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, театр қайраткерлері Одағы Президиумының мүшесі Н.Г. Горобец., Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры О.В. Батурина., Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ЮНЕСКО сарапшысы А.Б. Наурзбаева., Қазақстандағы Британ Кеңесінің өкілі Г.Б. Корецкая., Қазақстан композиторлар Одағы басқармасының мүшесі Б.Т. Аманжол., Абай ат. ҚазҰПУ оқытушысы М.Э. Султанова және т.б.

Тұжырымдама жобасының ашылымы қатысушылардың қызу пікірталасын тудырды. Талқылауда қазіргі өнер, кітапхана ісі, киноиндустрия, театр өнері, мұражай ісі және т.б. өнер саласы өкілдері қатынасты: Асқар А. А., Атығаев Н.А., Байділда Б.Н., Ержан З.М., Жолбарысова А., Кулбаев А.Б., Мукан А.О., Раева С.К., Садыкова Г.Т., Қинаят Б., Филатов В.А., Шахгулари В.В., Ли К.В., Сорокина Ю. В. және басқалары.     Кәсіпкерлік қызметтің өкілдері жобаның мәдениетті меценаттық және демеушілік ету тұстарын заңнамалық реттеу мәселелері бойынша қолдады. Талқылау барысында құрылымдық ұсыныстар енгізілді. Отырыс жұмысы бұхаралық ақпарат құралы өкілдері тарапынан жарыққа шықты.

Алматы қаласы қоғамдастығының басым бөлігінің пікірімен Тұжырымдама жобасы мақұлданды.

Жобаның көпшілік талқылануы 12 шілде күні «КӨРМЕ» және 14 шілде күні Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында өтетін дөңгелек үстел отырыстарында жалғасын табады.