2014 жылдың 14 шілдесінде Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасында "Қазақстан Республикасының мәдени саясат Тұжырымдамасының жобасын қоғамдық негізде талқылау" атты Дөңгелек үстел өтті.

14.07.2014 20:30 2223

2014 жылдың 14 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық  кітапханасында «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының жүзеге асу негізгі ұстанымдары мен тетіктері» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының мәдени саясат Тұжырымдамасы жобасын қоғамдық талқылау аясында Дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы болып Тұжырымдама жобасын әзірлеген Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты болып табылды.

Тұжырымдама жобасын талқылауда ғылым өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, мәдениет пен білім қызметкерлері, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, БАҚ және ауқымды қоғам өкілдерінен шамамен 100 адам қатынасты.

Тұжырымдама жобасының ашылу сәтінде ҚР Мәдениет министрлігінің вице-министрі А.И. Бөрібаев сөз сөйледі. А.И. Бөрібаев Тұжырымдама жобасының қоғамдық қызығушылық тудырып, кең ауқымға ие болып отырғанын атап өтті. Тұжырымдаманың жеке бөлімдеріне тоқталып, олардың маңыздылықтарына баға берді. Отырысқа кітапхана директоры Муналбаева Умітхан Дауренбекқызы модераторлық етті. Жобаның негізгі ахуалы келесідегідей қатысушылардың баяндамаларында айқындалды: ҚазҒЗМИ бас директорының бірінші орынбасары А.Р. Хазбулатов., ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, драматург Дулат Исабеков, Қазақстанның театр қайраткерлері Одағының төрағасы, ҚР халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Тұңғышбай Жаманқұлов, Астана Балет ЖШС бас директорының міндетін атқарушы В.А. Күзембаев, Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ бас редакторы Д.А. Қосылбеков, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры, өнертану кандидаты О.В. Батурина, Абай ат. ҚазҰПУ аға оқытушысы, мәдениеттанушы М.Э. Султанова және т.б.

 

Тұжырымдама жобасының ашылымы қатысушылардың қызу пікірталасын тудырды. Талқылауда қазіргі өнер, кітапхана ісі, киноиндустрия, театр өнері, мұражай ісі және т.б. өнер саласы өкілдері атап өтерлік ұсыныстар білдірді. Кәсіпкерлік қызметтің өкілдері жобаның мәдениетті меценаттық және демеушілік ету тұстарын заңнамалық реттеу мәселелері бойынша қолдады. Талқылау барысында құрылымдық ұсыныстар енгізілді. Отырыс жұмысы бұхаралық ақпарат құралы өкілдері тарапынан жарыққа шықты.

Астана қаласы қоғамдастығының басым бөлігінің пікірімен Тұжырымдама жобасы мақұлданды.