2014 жылдың 12 шілдесінде Астана қаласында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет Институты ҚР мәдени саясат Тұжырымдамасы жобасын қоғамдық талдау аясында «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының негізгі ұстанымдары мен тетіктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Талқылауға қатысушылар мәдени саясат әрбір жемісті мемлекеттің негізгі идеологиялық қалпы ретінде қоғамның басты құндылықты бағыттары мен тұлғаның парасаты басталуын қалыптастыратын ашылым деп пікірлер білдірді. Мәдениетті қоғамда қалыптасып қалған қағида бойынша бос уақыт демалысы мен ойын-сауық саласы деп қарастырмай, ең алдымен мәдениетті ұлттық идеологияның қалыптасуының мықты құралы, елдің әлемдік кеңістіктегі мәдени дамуы мен орнығуы тұрғысынан қарастыру қажет.
ҚазҒЗМИ бас директорының бірінші орынбасары Андрей Хазбулатов «Жаңа мәдени саясаттың стратегиялық күші ретінде Қазақстан Республикасын дамыған 30-елдің қатарына сәтті енудің мақсаттарын айқындайтын, қазақстандық халықты бай мәдени мұрасы және шығармашылық қуатымен бір арнаға жұмылдыратын Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы болып табылады» деп атап өтті.
Тұжырымдаманың басты мақсаты - көп ұлтты мемлекеттің мәдени кеңістігін дамыту, бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыру, заманауи мәдени кластерлер құру.
Қазіргі таңда әлемдегі көптеген ұлттар мен мемлекеттердің басты артықшылығы болып мәдениет пен мәдени потенциалдың дамуы болып табылады. Қазіргі таңда мәдениет пен мәдени қуатты дамыту әлемдік дамыған мемлекеттер мен халықтардың анағұрлым маңызды басымдықтарының қатарына кіреді.
ҚР ММ талдау және стратегиялық жоспарлау Департаменті директорының орынбасары Виктор Родионов жобаны таныстыра отырып «Тұжырымдама тұтынушымен жұмыс атқаруға мән беріп отыр, біздің мәдениетімізді дүниежүзінде танымал ету үшін әлемдік нарыққа шығару жоспарын қоюдамыз» деп мәлімдеді.
Осылайша, қоғамдық сарапшылар жемісті әрекеттердің маңызды белгілерінің бірі мәдени деңгейдің дамуы, өнімді жұмыс атқара алатын мәдени институттар мен тетіктердің бар болуымен санайды. Аталған жайттардың барлығы, ұлттық және әлемдік мәдени мұраның байытылуы мен сақталуының қамтамасыз етілуі, құрылуы, сапалы мәдени құндылықтардың тұтынылуы мен аударылымы, тұлғаның жемісті мәдени ауысымы мен өзін-өзі рухани-шығармашылық жүзеге асыруына алып келеді..
Тұжырымдама жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының дөңгелек үстелінде, «Нұр Отан» ХДП қарасты «Мирас» қоғамдық кеңесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен шығармашылық одақтары өкілдері отырыстарында талқылаудан өткендігін еске саламыз.