28 наурызда «Астана Опера» театрының камералық залындабейнетізбек қоса жүретін сүйікті кинофильмдер музыкасынан «Экран Мелодиясы» атты концерт өтеді.
«Біржан Сал», «Ақ Бим, қара құлақ», «Автомобильден сақтан», «Қатыгез романс», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бір күні Америкада», «Қызметтегі роман» және басқакинотаспалардың музыкалық композициясы өткен күндерді еске салып, аңсатады.
Кеште өнер көрсететін театр солистері: Татьяна Вицинская, Жәмиля Жарқымбаева, Бағдат Әбілханов, Балжан Сапарова және басқалары.
Концерттің дирижеріәрі авторы Республикалық конкурстардың лауреатыЫдырысов Әлихан«Астана Операның»симфониялық оркестрікез келген музыканы, соның ішінде кино музыкасын да ойнай алатынын атап өтті. «Бәрінен де «Леонид Гайдай кинофильмдерінің музыкасынан» орындалатын попурри қызық болғалы тұр, себебі оның әндері кімге болса да таныс. Аталған концерттің жалғасы бар, алдағы уақытта біз балаларға арналған және бүгінгі киноның музыкасын да ұсынбақшымыз», - дейді Әлихан Ыдырысов.
Аталған кеште орындалатын мелодиялар көрнекті композиторлардың шығармашылығының арқасында әйгілі болды. Музыкатанушы Сәуле Мәулетова концертте көпшілікке композитор-жыршы ретінде танымал Александр Зацепиннің шығармашылығы кеңінен ұсынылатынын айтып берді. «Зацепин өзінің шығармашылық жолын Алматыда бастады, сол жерде ол консерваторияны тәмамдады. Алғашқы музыкасын Қазақстанда баршаға әйгілі - «Біздің сүйікті дәрігер» атты кинофильміне жазды. Ондағы әндерді белгілі әншілер Ермек Серкебаев пен Бибігүл Төлегенова шырқады».
А. Зацепин мен Э. Рязановтың қатар өрбіген шығармашылығының жемісі әлі күнге дейін ел аузында, мәселен, «Ы операциясы» және Шуриктің басқа да бастан кешкендерін» осы кеште тамашалай аламыз. Сондай-ақ кеште Стивен Спилбергтің әлемдік, жаһандық тақырыпты бейнелейтін шығармашылығы да паш етіледі. Бұл режиссер «Шиндлер тізімі» фильмінен түскен барлық қаламақыны «Шоа қорына» бергендігімен танымал, сол фильмнің әуенін біз бүгінгі концертте тыңдаймыз.
Концерт 28 наурызда 19:30 болады.
по материалам www.mk.gov.kz