2014 жылы 11 сәуірде Астана қаласындағы Конгресс холл залында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері аясында салтанатты концерт пен көрме өтеді.
Концертте Беларусьтің жекелеген орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары, соның ішінде «Песняры» Беларусь мемлекеттік ансамблі, Беларусьтің халық әртістері Ядвига Поплавская мен Александр Тиханович, Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Александр Кремко, Беларусьтің мемлекеттік еңбек сіңірген «Хорошки» хореографиялық ансамблі өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, Астананың қонақтары мен тұрғындары Беларусь телеграф агенттігінің коллекциясынан «Бүгінгі Беларусия» атты фотокөрмені тамашалауға мүмкіндік алады.
по материалам www.mk.gov.kz