2014 жылғы 3 сәуір күні Берлин қаласында (Германия Федеративтік Республикасы) Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссиясының 4-ші отырысы болып өтті. Келіссөздер барысында тараптар мәдениет, білім, тілдер, спорт, мемлекеттік қызмет және жастар ісі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Т. Қышқашбаев басқарды.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссиясының 4-ші отырысы хаттамасына қол қойды.
по материалам www.mk.gov.kz