Өткізілетін орны: Астана қаласы Ұлттық академиялық кітапхана
Өткізілетін уақыты: 10.04.2014ж., сағ. 11.00
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2014 жылғы 10 сәуірде Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы шығарылатын «Абайтану әліппесі», «Даналық әліппесі», «Электронды қазақ үй» және басқа да интерактивті өнімдердің тұсаукесер рәсімін өткізеді.
«Абайтану әліппесі» кешені «Жақсы бала», «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана», «Жақсы құрбы-құрдас» деп аталатын 4 кітаптан тұрады. Кешендегі оқу материалдары инновациялық технология негізінде әзірленген сөйлейтін қаламның көмегімен дыбысталады.
«Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілген 12 кітап және сөйлейтін қаламнан тұрады. Олар баланы рухани құндылықтар арнасында тәрбиелеп, қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
«Электронды қазақ үй» – бүгінгі заман талабына негізделген балаларды тәрбиелеу құралы. Бұл өнім қазақ ертегілері, балалар әндері, күйлер, дәстүрлі әндер, терме-толғаулар, бесік жырлары мен Абайдың қара сөздерінен құралған.
Шараның негізгі мақсаты – тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ тілінің лексикалық қорын жүйелеу, «Тілдің үш тұғырлылығы» ұлттық мәдени жобасын іске асыру негізінде шығарылған және ұлттық құндылықтарды халық санасына сіңіру мақсатында алдағы уақытта әзірленетін инновациялық өнімдерді көпшілік қауымның назарына ұсыну.
Сонымен қатар, осы шара аясында ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету үшін «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2011-2013 жылдары Мәдениет министрлігі тарапынан шығарылған оқу-әдістемелік құралдар, сөздіктер, балаларға арналған әдебиеттер мен шығармалардың көрмесі ұйымдастырылады.
Тұсаукесер рәсімі Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады.
Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Мәдениет министрлігінің жауапты қызметкерлері, филолог-ғалымдар, елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және оқырман қауым қатысады.
Ұйымдастыру комитеті
Байланыс телефондары: 8(7172) 74-05-01, 74-05-02
по материалам www.mk.gov.kz