Қазақстанда Беларусь елінің мәдениет күндері басталды

14.04.2014 00:00 1341

 

Хабар, 12.04.2014

Қазақстанда  Беларусь елінің мәдениет күндері басталды. Игі шара Беларусь  елінің тұмса табиғаты мен жергілікті халықтың  күнделікті өмірі бейнеленген суреттері қойылған көрмемен ашылды. 

Қос елдің министрлері осы туындаларды тамашалады. Кейін мәдениет күндерінің ресми ашылуы болды. Сахна төрінде Беларусь елінің мәдениет саласының беделді өнерпаздары Ядвига Поплавская мен Александр Тихонович және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Александр Кремко, сонымен қатар,   «Хорошки» хореографиялық ансамблі бекзат өнерлерімен қалың жұртты тәнті етті.

Борис Светлов, Беларусь Республикасының мәдениет министрі: 
- Көптеген халықтардың қарым-қатынасына көңіл бөлетін болсақ, осы қарым-қатынасты нығайтатын бірінші кезекте  мәдени шаралар.  Бүгін сол күн. Қазақстанда біздің елдің мәдениет күндері өтуі.  

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет министрі:
-  Беларусь елі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық бірінші кезекте достыққа негізделген. Бүгін сол достықтың аясында елде Беларусь елінің мәдениет күндері басталып отыр.

по материалам www.mk.gov.kz