Бахрейн Королі шейх Хамад бен Иса Әл Халифаның Қазақстанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Бахрейн Корольдігінің Мәдениет министрлігі арасында мәдениет және өнер саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумына қол қойылды.
Қазақстан тарапынан меморандумға Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі А. Мұхамедиұлы, ал бахрейндік тараптан Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Халид бин Хамад аль-Халифа қол қойды. Осы аталған меморандум Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени байланыстар дамуының жаңа кезенін білдіріп, екіжақты шартты-құқықтық негізін қалайды.
по материалам www.mk.gov.kz