Саяси мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысы алдында ант берді

17.04.2014 00:00 1296

 

www.akorda.kz, 17.04.2014

Қазақстан халқы мен Президентіне Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Б.Бекназаров, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршин, Президент Күзеті қызметінің бастығы Ә.Садықұлов, бірқатар Үкімет мүшелері және облыс әкімдері салтанатты түрде ант берді.

Мемлекет басшысы берілген анттың әр сөзі зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

– «Қазақстан-2050» Стратегиясы және әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі мақсатымыз аясында мемлекет алдына биік міндеттер қойып отыр. Сондықтан сіздердің әрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, әрбір өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау болмақ. Егер әркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

по материалам www.mk.gov.kz