2014 жылдың 19-21 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Ресей Федерациясына іссапары болып өтті. Іссапар барысында А. Мұхамедиұлы Ресейдің Мәдениет министрі Владимир Мединскиймен, сондай-ақ Мемлекеттік Эрмитаж, «Мосфильм» және Мәскеу мемлекеттік академиялық хореография басшыларымен кездесті.
Кездесуде тараптар мәдениет саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму мәселесін, оның ішінде мұражай ісі, кинематография және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
по материалам www.mk.gov.kz