ortcom.kz, 22.04.2014
Қазақстан халқы Ассамблесы Жылы мен Конституцияның 20 жылдығын өткізуге арналған ауқымды шараларды ұйымдастыру үшін жалпыреспубликалық Ұлттық жоспар жасалады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.
Ұлттық жоспар бес блоктан тұратын болады.
«Бірінші блок – жоспарды тиімді орындауға қажетті ұйымдастушылық-әдістемелік шаралар – қаржылық қамтамасыз ету, қосымша құжаттарды әзірлеу сияқты шаралар кешенінен тұрады. Екінші блок мәдениет, ғылым, әлеуметтік сала және бизнес сияқты түрлі салаларды қамтитын коғамдық-бұқаралық кең ауқымды шаралардан тұрады. Шараның мақсатты топтары тек этномәдени бірлестіктер ғана болуы шарт емес», - деді министр.
А. Мұхамедиұлы атап өткендей, үшінші блоктаақпараттық-түсіндіру жұмыстары қамтылған. Блок негізгі және бұқаралық ақпараттың этникалық құралдарымен жұмыс істеуді, деректі фильмдерді, имидждік материалдарды шығаруды және интернет желісімен жұмыс істеуді қамтиды.
«Мысалы, осы бағыт аясында Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясына төрағалық етуінің 20 жылдығы туралы деректі фильм түсіруді ұсынамыз. Ол Тұңғыш Президенттің тәуелсіздік жылдарындағы этносаралық татулық пен келісімді нығайтудағы рөліне арналатын болады. Фильмніңпремьерасын 2015-жылғы 1-желтоқсанда –Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнінде өткізуді ұсынамыз», - деді ҚР ММ басшысы.
Төртінші блок Қазақстан халқы Ассамблесы Жылы мен Конституцияның 20 жылдығын ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуге бағытталып, Ассамблея мен еліміз Конституциясының мемлекет пен қоғамды үйлесімді әрі тұрақты дамытуды қамтамасыз етудегі рөлін саралаудан тұрады.
«Бесінші блок халықаралық деңгейде өтетін шараларды біріктіреді. Халықаралық қауымдастықпен өзара әрекеттестікке, шет елдерге этносаралық татулық пен келісім бойынша қазақстандық тәжірибені, Ассамблея құру идеясын таратуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажет.
«Мемлекет басшысы өте дұрыс атап өткендей, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің халықаралық байланыстарын бизнеске, ғылым мен әлеуметтік салаға және қызмет көрсету саласына инвестициялар мен жаңа технологиялар тартуға пайдалану қажет. Мысалы, осы бағыт шеңберінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттер арасында «Астана – татулық пен келісім қаласы» атты халық музыкасы фестивалін өткізуді ұсынамыз», - деп аяқтады ол сөзін.
по материалам www.mk.gov.kz