Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Жауапты хатшысы болып Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Р. Әбдірахымов Министрліктің ұжымына жаңа Жауапты хатшыны таныстырды.
Осы тағайындауға дейін Қ. Уәлиев Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласындағы Резиденциясы басшысы қызметін атқарған.
по материалам www.mk.gov.kz