Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының жыл сайын өтетін отырысы туралы

05.05.2014 00:00 1399

 

2014 жылғы 5 мамырда, сағ. 17.00-де Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының жыл сайын өтетін кезекті отырысы өтеді.

Аталған отырыс Ұлттық Комиссиясының жаңадан тағайындалған төрағасы — Мәдениет министрі А. Мұхамедиұлының төрағалығымен өтеді.

Отырыс барысында Ұлттық Комиссияның 2013 жылы атқарылған іс-шаралары қорытындалып, 2014 жылғы іс-шаралардың негізгі бағыттары белгіленеді.

Талқылау барысында негізгі тақырыптар — мәдени, табиғи және материалдық емес мәдени мұра объектілерін Бүкіләлемдік мұра тізіміне номинациялау мәселелері, сонымен бірге, білім, ғылым, мәдениет, қоршаған орта мен су ресурстары, ЮНЕСКО-ның клубтары мен мектептерінің атқарылған жұмыстары мен алдағы тұрған мақсаттары қаралады.

Отырыс жұмысына Ұлттық Комиссияның тұрақты мұшелері - мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, білім, ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысады.

по материалам www.mk.gov.kz