ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті

06.05.2014 00:00 1340

 

«Хабар», 05.05.2014

2014 жылы Тамғалы петроглифтеріне апаратын «Сұңқар-Қаншеңгел-Топар-Құйған» тас жолдары толық жөнделіп бітеді. Бұл туралы бүгін елдіміздің ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Таңбалы шатқалы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енген. Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі петроглифтер қола дәуірінен түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ал Ақжайық, Ақсу-Жабағылы қорығы мен Қатонқарағай ұлттық паркін дүниежүзілік биосфералық резерваторлар желісіне енгізу мәселесі 2014-жылы 12-15-маусымда Швецияда өтетін халықарлық үйлестіру кеңесінің сессиясында шешіледі. Ұлттық комиссия отырысында мәдени, табиғи және материалдық емес, мұра нысандарын бүкіләлемдік құндылық тізіміне ұсыну мәселелерімен қатар 2013-жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет министрі:
-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ның қызметіне ерекше көңіл бөледі. Және Астана әлемнің геосаяси және мәдени орталығына айналғандығын еске салады. Шілде айында Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның алғашқы аймақаралық кеңесі өтеді. Онда да бірқатар маңызды мәселелер шешімін таппақ.

по материалам www.mk.gov.kz