2014 жылғы 27–28 мамыр аралығында Астана қаласында Польша кино күндері өтуде

27.05.2014 16:00 1714

 

 

Іс-шара аясында 26 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде ҚР Мәдениет вице-министрі Ж. С. Омаровтың Польша Республикасы Мәдениет және ұлтық мұра министрінің орынбасары М. Смолень ханыммен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-польша мәдени ынтымақстастығының жай-күйі және оны одан әрі нығайту келешегі мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, кинематографистер арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайту жолдары айтылып, Қазақстан және Польша Республикалары Үкіметтері арасындағы мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы жаңа келісім мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, тараптар мәдени-тарихи ұлтық мұраны сақтау, мамандар даярлау, көркемдік және артистік шеберлікті арттыру саласында тәжірибе алмасу мәселелерін қозғады. 

по материалам www.mk.gov.kz