27 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен брифинг өтті. Бұл брифингте мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде дарынды жастарды қолдаудың мәселелері қарастырылды.
Министр тұрақты және төзімді қоғам құру үшін адамгершілік, руханилық, махаббат және өзіннің түп тамырыңа, Отаныңа ұқыпты қарау сияқты тұлғаның негізгі құрамдас бөліктерінің маңыздылығын түсіндірді.
Арыстанбек Мұхамедиұлы дарынды жастардың жан-жақты дамуы үшін Министрліктің жағдай жасауы туралы хабардар етті. Олардың ішінде жастармен бірге әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру, сондай-ақ өткізіліп жатқан байқаулар мен форумдар да бар.
Жас дарындылар туралы мақтанышпен айта отырып, Министр, сол жастардың арқасында біздің қазақстандық өнер әлемдік деңгейге шығып отырғанын атап өтті.
Өзінің баяндамасында Министр жастарды өз елінің мақтан тұтар азаматтары болуға, біздің мызғымас құндылықтар мен дәстүрлерді құруға және ұқыпты сақтауға шақырды.
по материалам www.mk.gov.kz