2014 жылғы 3 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова және ҚР Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Отырар ауданындағы мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының жұмысымен танысып, Арыстанбаб кесенесі мен Отырар төбе қалашығында болды. Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесінде жаңадан ашылған қолөнер шеберлері мен зияратшылар орталықтарын аралады.
Сонымен қатар ОҚО әкімі А.Мырзахметовтың, ғалымдар мен аймақтық мұражай басшыларының қатысуымен Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени-этнографиялық орталығында өткен мәдени мұра мәселелері жөніндегі мәжілістің отырысына қатысты.
Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлы облыстың шығармашылық ұжымдарымен кездесу барысында облыстық опера және балет театрының, Оңтүстік-Цирк мекемесі мен Көрме орталығының жұмыстарымен танысты.
по материалам www.mk.gov.kz