Мәдениет министрі Францияның Елшісімен кездесті

17.06.2014 16:00 1488

 

2014 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенші және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасында орнатылған достық сипат алатын мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтың өзара қарым-қатынасын жоғары бағалады.

Қазіргі уақытта екі елдің ұжымдары Қазақстан мен Францияда өткізіліп жатқан, мысалға айтсақ, тоғыспалы мәдениет күндері секілді әртүрлі мәдени іс-шараларға белсенді қатысуда.

2014 жылы Қазақстанның Франциядағы тоғыспалы мәдениет күндері өтуі жоспарланып отыр. Іс-шара аясында «Astana Ballet» хореографиялық, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрларының ұжымдары ауқымды қойылымдарды ұсынуды жоспарлап отыр, сондай-ақ, Қазақстанның кино аптасы, Париж және Ниццадағы Астана қаласының мәдениет күндері өтеді.

по материалам www.mk.gov.kz