Мәдениет министрлігінде Қазақстан Республикасының Мәдени саясаты тұжырымдамасының жобасына арналған дөңгелек үстел өтті

20.06.2014 12:00 1367

 

2014 жылғы 17 маусымда Мәдениет министрлігінде Мәдениет министрінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мәдени саясаты тұжырымдамасының жобасына арналған дөңгелек үстел өтті.

Мәдениет министрі А. Мұхамедиұлы дөңгелек үстелдің қатысушыларын Мәдени саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі ережелерімен, сондай-ақ, саланы дамытудың маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарымен таныстырды.

Кездесуге қатысқан Іскерлер ұлттық палатасының Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Т.Доскенов жаңа стратегиялық құжатты қабылдаудың уақыттылығы мен өзектілігін атап өтіп, мәдениет саласы мен іскерлер қауымдастығы арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар жасады.

Іскерлер ұлттық палатысының өкілдері сала алдында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытталған Мәдениет министрлігінің бастамаларын қолдауға және өзара әрекеттестікті нығайтуға даярлықтарын білдірді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары мәдениет саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті белсенді дамытудың, меценаттық және демеушілік қызметті дәріптеудің қажеттілігі  жөнінде ортақ пікірге келді.

по материалам www.mk.gov.kz