Қазақстан және ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттардың құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турс ханыммен кездесу

25.06.2014 16:00 1409

 

2014 жылғы 24 маусым күні Мәдениет министрлігінде Қазақстан Республикасының Мәдениет Вице-министрі Жанай Омаров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттардың құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турс ханыммен кездесті.      

Кездесу барысында қазақстандық тарап еліміздегі аз ұлттар құқықтарының қорғалуы туралы, аз ұлттардың орта және жоғары білім мен мемлекеттік қызметке қол жеткізудің мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет вице-министрі елімізде жүзеге асырылып отырған тіл саясаттың жағдайы және ономастика саласындағы кейбір мәселелер туралы баяндады.

Жоғарғы комиссар А.Турс сұхбат барысында Қазақстандағы этносаралық қатынастар мен тіл саясаты жөніндегі жұмыстарды жоғары бағалағанын айтты, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамытқан үшін алғысын білдірді.

по материалам www.mk.gov.kz