2014 жылдың 27 маусымында сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында «Astana Ballet» хореографиялық ұжымының репертуарындағы тұңғыш үлкен тұрпаттағы қойылым - «Әлем» атты бір актілі бірегей балеттің тұсаукесері өтеді. Бұл шара Астана күнін мерекелеу ауқымында жүзеге асады. Қойылымның қоюшы- хореографы белгілі ресей балетмейстері Никита Дмитриевский.
Халықтық және заманауи хореографияның классикалық дәстүрлері мен ең соңғы үрдістерін шебер біріктіре білген бірегей «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы 2012 жылдың күз айында құрылды. Театр Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке ұсынысы бойынша ашылды.
Никита Дмитриевскийдің соны хореографиясы өзекті әлемдік тенденциялар және қазақ би мәдениетінің дәстүрлі әуенінің нәзік, сезімтал синтезіне айналды. Мультимедия саласындағы ресейдің жетекші мамандарының бірі Леонид Басин спектакльдің бейнелік тұжырымын да Қазақстанның бай мәдениетінің ерекшеліктерін есепке ала отырып жасады. Әуенін арнайы жазған этно-композитор Болат Ғафаров, либреттоны қазақстанның белгілі ақыны-сценарийші Бақыт Қайырбеков жазды.
Қосымша ақпарат, соңғы дайындық пен қойылымның қорытындысына арналған баспасөз-брифингіне фотолар мен аккредиттеу үшін байланыс телефондары: 87172 709 644, 87027626258, a.akmaral@astanaballet.kz Ақмарал Әлібекова
по материалам www.mk.gov.kz